Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы және әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
Атаулы мерекеде ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
Ұлы даламыздың дана биі Бәйдібек бабамыз: «Керуен басы мықты болса, түйесі азбайды, қолбасы мықты болса, сарбазы тозбайды» — дегендей, қиын-қыстау кезеңде елді ертеңгі күнге үлкен сеніммен алып келген Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстандағы барлық этностық топтарға ұлттық мәселелерде, әсіресе, ана тілдерін үйренуде, қолдануда еркіндік беруі – бүкіл дүние жүзіне Егемен елімізді ынытмақ пен ырысы, берекесі мен бірлігі жарасқан мемлекет ретінде танытты.
Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этнос аралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
Осынау қадір-қасиеті жоғары мерекеде Сізге
шынайы көңілмен бақыт-береке, ізгілік пен мейрімділік, ынтымақпен ырыс, зор жетістік тілеймін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенеле берсін!