Есіл ауданының 10-сынып оқушысы Зарина Канафина Алматы қаласында жасөспірімдер арасында өткен ережесіз жекпе жектен жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы.
Жастар ресурстық орталығының белсендісі өз қарсыластарынан үлкен айырмашылықпен басым түсіп, шайқастың нәтижесі бойынша 65 кг салмақ дәрежесінде ережесіз жекпе жектен Қазақстан чемпионы атанған.
Зарина үш тартыс өткізіп, алғашқы қарсыласы қарағандылық қызды 4:2 есебімен, алматылық қарсыласын 11:1, ал Ақтөбеден келген қарсыласын 10:3 есебімен жеңген. Атап өту керек, бұл оның аталған спорт түріндегі жаңа басқан қадамы.
Жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионы, жекпе жектен Универсиаданың жүлдегері (2015 ж.), еркін күрестен республикалық және аймақтық турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы «Yesil Top Team» командасының жаттықтырушысы Бекзат Баймұратов 2017 жылы қыркүйекте З.Канафинаның осы спорт түріне келуіне себепкер болған.
Бекзат өз кезегінде, мемлекеттік қызметкер боуымен қатар, жастарды өз қалауымен спортқа баулып, тәжірибесімен бөліседі.