Home » Балабақша » Ағайынбыз бәріміз

Ағайынбыз бәріміз

Білім беру саласы: шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті : ән-саз.

Мақсаты: балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, түрлі сипаттағы музыкалық шығарманы ажырата білуге үйрету.

Көрнекілік: үлкен-кіші коңыраулар, ақ, сары, қара балалардың қол ұстасып тұрған суреті.

Сөздік жұмыс: тосқауыл, ортақ.

Әрекет

кезеңі

       Музыка жетекшісінің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық

қозғаушылық

Музыка   залында балаларды   қарсы   алады.           Жетекші балаларды шаттық шеңберіне   тұрғызады.

Бір шаңырақта   табысқан,

Дос-бауыр көп, туысқан.

Отан-ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз.

Балалар музыка залына әуен ырғағымен келеді. Бірінің соңынан бірі шеңбер бойымен жүреді.
Ұйымдастыру

Іздестіру

Жарайсыңдар,   балалар, ендеше орындарыңа жайғаса қойыңдар.

Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше, өйткені бүгін бізде көптеген қонақтар бар,   ендеше келген қонақтармен амандасайық.

–                   Балалар, достық деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Арамызда басқа да ұлттың балалары бар: қазақ, орыс, ұйғыр, т.б. Бірақ,   біз бір-бірімізді бөлмейміз, бірге ойнаймыз, бірге тамақ ішіп, бірге ұйықтаймыз. Әрқашан осындай тату болуымыз   керек. Қазақ жерінде   тұрғандықтан, қазақтың халықтың музыкасын құрметтеуіміз керек. Жарайсыңдар, балалар, ендеше   бүгінгі оқу-іс әрекетіміздің тақырыбы:

«Ағайынбыз бәріміз» деп аталады.

Музыка тыңдау: «Жайдарман» халық әні.

–  Ән көңілді ме?  Әлде көңілсіз бе? Бұл   әнге қосылып ән айтуға,   би билеуге болады.   Ән сендерге ұнады ма?

Ән айту алдында   дауыс жаттығуларын жасап,   дауыстарымызды   қалпына келтіреміз.

Ән үйрену: «Ағайынбыз бәріміз»        

— Ортақ болсын асқар тау,

Болсын жер мен су да ортақ,

Болсын бізге ту да ортақ, — деп неліктен   айтылған?

Бәріміз тату, дос болсақ, су да, жер де бәрімізге жетеді, бақытты өмір сүреміз, — деп отыр. Ендеше,   балалар, бойымызды бір сергітіп   алайықшы .

Сергіту сәті: «Қызыл гүлім-ай».

Дидактикалық ойын: «Қоңыраумен ойын»  

Балалар үлкен және кішкене қоңыраумен танысады.

Педагог қоңыраулардың дыбысталуын көрсетеді.

Айырмашылығына тоқталады. Балалардан музыка   ойнағанда, қай қоңырау   сылдырлауы керектігін сұрайды.

Ортаға балалард кезек-кезек шақырып,   ойнаған музыка қай   қоңырауға тән екенін   сұрап, сол қоңырауды алып сылдырлатуын өтінеді. Жарайсыңдар, балалар.

Жетекші балалардан бүгінгі оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін сұрайды.

Балалар жауап беруге тырысады. Іңкәр: Достарды біз қолдаймыз, Қиын шақта қорғаймыз, Біздің топта ұл-қыздар, Тату-тәтті ойнаймыз.

 

 

 

 

 

Балалар музыканы   тыңдай отырып, жауап беруге талпынады.

 

Әнді мазмұнын түсіне отырып үйренеді.

 

 

Балалар ортақ деген сөздің мағынасын түсіндіруге тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық-

түзетушілік

Қандай музыка   тыңдадық?

Қандай ән үйрендік?

Қандай ойын ойнадық?

Жетекші: Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз осымен аяқталды, қош-сау болыңдар!

Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар барлық сұрақтарға жауап береді.

 

Балалар қоштасады.

 

                               Күтілетін нәтиже:

Біледі: қазақтың халық әнінен хабардар болуы, халықтық, ұлттық деген сөздерді білуі керек.

Игереді: ортақ, ақпыз, қара, сарымыз, достық деген түсініктерді.

Меңгереді: үлкен және кіші қоңыраулардың даусын ажырата білуді, биге шақыру дағдыларын.

Джанабаева Майрагүл

«Құлыншақ» балабақша ән-саз жетекшісі

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы

Құрық ауылы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.