8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Сәтбаев қаласының КМҚК «№ 23 Айналайын» бөбекжай балабақшасында ересек «Б» тобының тәрбиешілері Курманхожаева Венера Ахметбековна, Сарсенбаева Гульзат Абдильдаевнаның ұйымдастыруымен «Аяулы ана, инабатты қыз» сайысы өтті. Сайыстың мақсаты баланың анаға деген мейірімін, сүйіспеншілігін арттырып, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету, балалардың бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу болды.
Ересек тобынан алты ана мен қыз «Аяулы ана, инбатты қыз» сайысында бақ сынасты. Сайыс таныстару, шебер қолдар,сән көрсету, «Ана мен қыз»биі сияқты төрт бөлімнен тұрды.
Аналары мен қыздарының дайындығы өте жақсы деңгейде болды. Әсіресе таныстыру бөлімі көрермендерді таң қалдырды. Шебер қолдар бөлімінде, ана мен қыз үйде бірге жасаған жұмыстарын таныстырып, бәрін тәнті етті. Сән көрсету бөлімінде ана мен қызы өз қолдарымен жасаған көйлек үлгілерімен сән әлемін тамашалағандай әсер қалдырды. Соңғы бөлімде барлық қатысушалар бірге би билеп, сайысты әсерлі ете түсті. Әділ қазы мүшелеріне қазылық жасау оңайға түскен жоқ, дегенмен де әділ шешім қабылдап, қорытынды шығарды.
Бас жүлдені аналы — балалы Төлеу Айзере, анасы Даутова Қымбат иеленсе, І орынды Тілеуқабыл Айшабибі, анасы Рашатова Асем, ІІ орынды Нұрлан Інжу, анасы Толқынбекова Ботагоз, ІІІ орынды Қасым Айша, анасы — Жылкибаева Луиза және Сулкеева Аяулым, анасы Кусанова Айзада өзара бөлісті.
«Көрермен көзайымы» номинациясына Көбетай Іңкәр, әпкесі Кубетай Нұрсая ие болды.
Сондай — ақ барлық қатысушаларға мадақтама мен бағалы сыйлық берілді.
Сайыстан бөлек тобымыздың барлық балалары ертеңгілікке белсене қатысты, би де биленіп, ән де шырқалды. Мереке өте жақсы деңгейде, есте қаларлықтай өтті.
Курманхожаева Венера Ахметбековна
тәрбиеші