Home » Жаңалықтар » «Аяла» қайырымдылық қоры ашылды

«Аяла» қайырымдылық қоры ашылды

Аудандық Мәдениет үйінде «Аяла» қоғамдық қайырымдылық қорының ашылуына орай мерекелік кездесу өз мәресіне жетті.

Қордың басты мақсаты – соғыс және еңбек ардагерлеріне, ауған соғысына қатысқандарға және Чернобыль апатынан зардап шеккендерге, қарияларға, асыраушысыз қалған жандарға, жалғыз басты аналарға және мүгедектерге көмек көрсету. Ал қордың президенті болып ауданымызға 5ана емес, сонымен қатар облыс әрі республикаға аты танымал Серік Құрмашұлы Әкімбаев тағайындалды.

Қордың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Бақыт Тасылбекова, «Нұр Отан» аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Мәулиев, Бұланды аудандық Іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы, аудандағы белгілі меценат, «ХПП Арна» ЖШС-нің директоры Клара Мендыбаева, аудандық білім беру бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық бойынша бас маманы Татьяна Максимова, «Солнышко» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі, аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі Людмила Ширинская, көпбалалы аналар, қамқоршылар қатысты.

Ашылу салтанаты аясында қайырымдылық аукцион өткізіліп, сатылған қартиналар мүгедек балаларға арналған кабинетке сыйға тартылды. Ал меценат Клара Тұңғышқызы «Аяла» қорына алғашқы демеушілікті те жасап үлгерді.

Шақырылған қонақтар жаңа ашылған қорға нұрлы болашақ тілеп, мерекелік іс-шараны Аудандық мәдениет үйінің дайындаған концерттік бағдарламасы жалғады.

Ақмола облысының баспасөз қызметі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.