Home » Балабақша »    Ашық есіктер күні

   Ашық есіктер күні

№42 Мемлекеттік балабақшада 12 ақпан күні ата-аналарға арналған Ашық есіктер күні өтті. Әрине әр ата-ана өз баласының балабақша табалдырығында немен айналысып жатқанын, ол жердегі талпынысы қандай екенін білгісі келеді. Сондықтан бұл іс шара ата-анаға баласының қандай тәрбие, білім алып жатқанын көріп, білуге мүмкіншілік болды. Ата-аналар балалармен бірге ағылшын, тіл дамыту, дене шынықтыру, музыка, шығармашылық сабақтарына кіріп шықты. Тәрбиешілер мен балалар арасындағы байланыс өте жылы сезінді. Бүлдіршіндер тек зейін сала тыңдай қоймай, көңілді ойындар ойнап, xимиялық реакциялардың жасалуын қызықтап отырды. Әр бала өзінің аты-жөнін, жасын, қай қалада тұрып жатқанын ағылшын тілі пәнінде айтып берді. Бұл балалардың белсенділігі жоғары екенін көрсетеді. Сонымен қатар балабақшаның xореографы Любовь Алексеевна балалардың денелерін шынықтырып, бірлестіріп, билетті. Іс шараның соңында ата-аналар балабақшаның меңгерушісі Айнаш Саматовнаға пікірлерін жазып, ізгі тілектерін білдіріп кетті.

№42 балабақша тәрбиешілері.

 

 

 

                                            Журналист:

Адема Ерболатқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.