Home » Жас қалам » Менің ұстазым

Менің ұстазым

Менің есімім — Махажан Шырай. Мен Шымкент қаласы №69 ЖОМ 5в сыныбында оқимын. Мен бұл мектепке 2015-2016 оқу жылында,  2в сыныбына келдім. Бұл мектептегі алғаш ұстазым — Жақанова Айнұр апай  болды. Айнұр апай менің сабаққа деген ынтамды оятты, білімге деген көзқарасымды өзгертті. Ұстазымның әр бір сөзінен, оның мейірімді екені  байқалды. Бізге «мектеп екінші үйлерің»деп үйреткен. Ұстазым — үйінде мейірімді ана, мектепте кемеңгер  ұстаз. Білмегенімді үйретіп, қатемді түзулеп, әр басқан қадамымды бақылап отырды. Мектептегі екінші анамыздай болып кеткен Айнұр апай менен ерекше үміт күтеді. Ұстазыма көп алғыс айтамын. Ол тәжірибесі мол ұстаз. Балалардың тілін тез тауып, оларға білгенін үйретуден ешқашан жалыққан емес. Білімін ешкімнен аямайды. Ұстазыма өмірдегі барлық жақсылықты тілеймін және  мәртебеңіз өсіп мерейіңіз үстем болсын дегім келеді.

   Махажан Шырай Мұхитқызы,
Шымкент қаласы
№69 ЖОМ 5в сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.