Home » Жаңалықтар » Ауғанстан жүректегі жара….

Ауғанстан жүректегі жара….

Жетісу аудандық Білім бөлімінің жоспарына сай  2 ақпан күні өткізілген жас жеткіншектердің бойында ұлттық рухты дамытуға, оқушыларды елжандылық, отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін арттыруға бағытталған жыл сайынғы дәстүрлі  әскери-патриоттық әндер байқауына қатысқан №102 ЖББМ 9 «А» сынып оқушысы Ажахмет Ақниет «Жеке орындаушы» номинациясы бойынша жүлделі II-орынға ие болып мектебіміз мәртебесін тағыда асқақтатты. «Хор» номинациясы бойынша өнер көрсеткен 4 «А» сыныбы оқушылары да Отан туралы шырқаған әндерін зор ықыласпен орындап шықты. Байқау Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 30 жыл толуы қарсаңында ұйымдастырылды. Қатысушылар  шырқаған әндерінен терең патриотизм, Отанға, Қазақстанға, өз халқына, халақтар арасындағы достыққа деген сезімдерді байқауға болады.  Егемен еліміздің ертеңіне сенімімізді  арттыратын, тарихымызбен тамырлас болып бастау алатын патриоттық әндердің барлық қатысушылар жүрегінде  мәңгілік із қалдыруы даусыз. Жетекшілері: Мұқанов Ү. Алимова А.

 

Ауэлбекова Г.У.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.