Home » Балабақша » Ауа көзге көрінбейді

Ауа көзге көрінбейді

(зерттеу әдісі бойынша)

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Мақсаты:

Білімділік:Балаларды  ауаның қасиеттерімен таныстыру,тәжирибе арқылы ауаны,біздің айналамыздағы  қоршап  тұрғанына көз жеткізу. Қоршаған ортада және адам ағзасындағы  ауа туралы маңыздылығын ұғындыру және оның ерекшелігі мен  қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру(ауасыз өмір жоқ,көзге көрінбейді,жеңіл,иісі жоқ.)сонымен қатар жел-ауаның қозғалысы екендігін түсіндіру.Ауаны табудың бірқатар тәсілдерін игертуге жағдай жасау.

 Дамытушылық: Танымдық қызығушылықтарын ояту,ауа туралы білімдерін жалпылау,логикалық ойлау қабілеттері мен белсенділіктерін  дамыту.Жасаған тәжірибелеріне ,нәтиже шығара білуге  үйрету,байқағыштықтарын арттыру.

Тәрбиелік:Қоршаған ортаны таза ұстауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру,көрсетіу,сұрақ-жауаптар,нәтиже шығару.

Қажетті көрнекіліктер мен құралдар:Суреттер,бала санына сәйкес полиэтиленді қапшық,су құйылған стакандар,түтікшелер,пеноплекс салынған  бөтелке түтікшелерімен,мандарин,шарлар.т.б.

Блингвалды компонент: ауа-воздух-air, тәжірибе-опыт-experimеt

Барысы:

Шаттық шеңбері:

Балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңберіне тұрады.

Сәлем,сәлем Алтын күн!

Сәлем,сәлем достарым,

Сәлем,сәлем баршаға!

Сәлеметсиздер ме апайлар!

Здравствуйте гости!

Good morning…!

-Балалар мен сендердің, бүгінгі көңіл-күйлеріңді білу үшін ойын ойнауға шақырамын.

«Тамаша күн!» ойыны.

Ойынның шарты: Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына  бір-біріне бас бармақтарыңды  көрсете отырып , «Тамаша»деп жауап береді.

-көңіл күйлерің қалай?

-ауа-райы қандай?

-Көктем мезгілі қандай?

-жазда теңізге шомылған қандай?

-таза ауа мен демалған  қандай?

-біздің табиғатымыз қандай?

-көңіл күйлерің қалай?

-Олай,болса осы тамаша көңіл-күйімізбен, бүгінгі оқу қызметімізді бастайық..(ойыннан кейін,балалар орындыққа отырады)

-Табиғат дегеніміз не?

Нұрым:Бізді қоршаған орта.

-Табиғат нешеге бөлінеді?

Жанель:Жанды және жансыз табиғат болып екіге бөлінеді.

-жанды және жансыз табиғатқа нелер жатады?

Альмира:Жанды табиғатқа:жануарлар,өсімдіктер,жәндіктер.т.б.

Мерей:Жансыз табиғатқа:Қар,жаңбыр,тас,құм,су,күн.т.б.

-:балалар осы табиғатқа байланысты тақпақтар білеміз бе?

Балалар:Иә білеміз.

Аяулым.

Табиғат біздің анамыз.

Жер-ана біздің панамыз.

Таза болса табиғат.

Бізде ман боламыз.

Мерей:

Мен жерімді сүйемін,

Жеріме дән себемін.

Ауа таза болсын деп,

Жылда ағаш егемін

Рауан:

Бұтақтарды сындырмай,

Тазалықты сақтайық.

Гүл өсіріп,су құйып,

Табиғатты қорғайық.

Балалар бізге тамақ не үшін керек?

Бала:үлкен болып өсу үшін

-Жарық не үшін керек?

Балалар:Айналаны көру үшін.

-су не үшін керек?

Балалар:сусынымызды қандыру үшін.

-Ал ауа не үшін керек?

Балалар:демалу үшін.

Тәрбиеші:Ал енді мен сендерге  жұмбақ жасырамын.

Бар ма,жоқ па оны анық білмейсің.

Ол жоқ болса өмір сүріп жүрмейсің.

Ол не?

Балалар:Ауа.

дұрыс айтасыңдар.

-Ауа мен біз дем аламыз.

-Ауа қандай? -біз оны көреміз бе?

-ауа көзге көрінбейтін  табиғат сыйы.

-Біз ауаны иіс сезу,демалу арқылы сеземіз.

«Ауа қозғалысын анықта»

-Олай болса,қазір жанымызда ауа бармекен,қолымызбен бетімізді желпіп көрейік. Нені  байқадық?

Балалар:суық ауаның соққанын сезінгенін айтады.

-дұрыс бұл ауаның қозғалысы.

Күтпеген сәт.(есік қағылып шарды беріп жібереді)

Тәрбиеші:Балалар,бізге мына шарды  пошташы сәлемдеме алып келіпті Сәлемдемені біздің досымыз-Самал жел жіберіпті.Не бар екенін көрейік.

«Шардың ішінде не жасырынғанын табыңдар.Оның ішінде не болуы мүмкін?»

-шардың байланған жібін шешіп,ішіндегі ауаны  жайлап шығара бастайды.

-Меніңше шардың ішінде  бір нәрсе бар сияқты .Өйткені оның жібін шешкенде ,дыбыс естілгендей болды.

— Шарды босатқанда  ысылдаған дыбыстарды тыңдайды.

-Балалар,ауа дегеніміз не?

Аяна:Ауа серпіледі,сығылады,түссіз.ауа тіршілік көзі.иіссіз көзге көрінбейді.

Әли:-біздің планетамыз жер-мөлдір ауа қабаттарымен қоршалған.

Нұрислам:-Ол кенет жоқ болып кетсе біз бірнеше секундта тіршілік ете алмаймыз.

:ауа жайлы түсініктерімізді  іс-тәжірибемен толықтырамыз.

-қазір мен сендерді өзімнің зертханама апарамын.

-Зертхана дегеніміз не?

Бала:Зертхана –бұл тәжірибе жасайтын орын.

-зертханада кімдер   жұмыс жасайды?

Балалар:Ғалымдар.

-Олай болса балалар бізде өзімізді эерттеуші ғалымдар  болып көзге көрінбейтін ауаға тәжірибелер жасап көрейік(кәне орнымызға жайғасайық)

-тәжірибе жасауға дайынбыз ба?

Балалар:-иә дайынбыз!

Зерттеу орталығы:

Зертханада жұмыс жасау үшін сендер қандай ережелерді білулерің керек?

Балалар:Тыныштық сақтап,бір-бірімізге кедергі келтірмеуіміз керек.

-қәне тәжірибемізді бастайық.

-Біз мұрнымызбен не істейміз?.

Балалар:-мұрн ымызбен тыныс аламыз.

-Біз немен демаламыз?

Балалар:Ауа мен дем аламыз.

Яғни мұрын арқылы ауа біздің өкпемізге өтеді.Тыныс шығарғанда  ауа қайтадан ауыз немесе мұрын арқылы  сыртқа шығарылады.кәне тексеріп көрейікші.

1-Тәжірибе:-Мұрнымызды қысып,аузымызды жабу(дем алмау)

Нәтижесі:балалар ауасыз дем аламайтынын айтады.

-Балалар  біздің ауамыз таза ма,қалай ойлайсыңдар?

-Оны не ластап жатыр?(суреттер көрсету)

Айым:Автокөліктер,үлкен заводтар,

түрлі қоқыстың шашылып жатуы оған себеп.

-Балалар,қай жерлерде таза ауа болады?

Дария:Таулы жерлерде,орманда,

Көлдер жағасында,

тауда,құрлықта,жер астында,ауа болады.

-Ауа таза болу   үшін не істеу керек?

Назерке:ағаштар,

өсімдіктер көп отырғызып жан-жақты көгалдандыру керек

-Балалар сендер ауа туралы тақпақ білесіңдер ме?

Балалар:Иә білеміз!

Даниял:

Жер шары дәу әсем.

Қоршаулы ауамен.

Ауасыз кім шыдар.

Ауасыз тұншығар.

Аяулым.Т.

«Ластама»,былғама,

Айналаңды қоршаған.

Таза тыныс таза ауа,

Сыйлайтұғын сол адам.

ауаға иістің қалай тарайтынын тәжірибе арқылы көрейік.

2-Тәжірибе: «мандаринмен»

-Мандариннің қабығын ашып,ненің иісін сезгенін айтады.

Нәтиже:мандариннің иісі ауаға  тарап кететіп,иіс біздің мұрнымызға барады,сол кезде  иісті байқаймыз.

3-Тәжірибе:

«ауаны көруге болама?»

-қане тексеріп көрейік түтікшені суға батырып  үрлеңдер,судың бетінен нені байқадыңдар?

-Бұл біздің демалысымыздан шыққан (пайда болған көпіршіктер судың бетіне шығады)

-Неге судың бетіне көпіршіктер шығады?

Балалар:Өйткені, ауа судан жеңіл,сондықтан көпіршіктер судың бетіне шығады

-Енді орнымыздан тұрып ойын ойнап жіберейік.

Ойын: «Кім тапқыр»

Ал балалар бір ауық,

Дұрыс бұрысты ұғалық.

Дұрыс болса отырып,

Бұрыс болса тұралық.

-Ауаны жұтамыз.(отыр)

-ауаны ұстаймыз(тұр)

-Ауа ериді(тұр)

-Ауамен  тыныс аламыз.(отыр)

-ауамен ойнаймыз(тұр)

-Тәжірибемізді ары қарай жалғастырайық.

4-тәжірибе:»Ауаны ұстап алайық»

Полиэтиленді целофан қалтамен.

-Мына қалтаны алыңдар ішінде не бар?

Балалар:Ішінде ештеңе жоқ.

Қараңдаршы ,ол өте жұқа .Қазір осы қалтаның   ішіне ауа толтырып аузын мықтап ұстаймыз.Қалтаның іші ауаға толды.Ол көпшікке ұқсайды.Ауа қалтаның ішінде өз орнын тапты..Енді оның аузын ашып ауаны шығарамыз.Ол қайтадан жұқа болып қалды,неліктен?

Нәтиже:өйткені оның ішінде ауа жоқ.ауаны сыртқа шығарып жібердік,көрінбейді,оны дорбамен ұстап байқаймыз,сеземіз.

-Ауаны көру үшін әуелі ұстап алу қажет.Ол біздің қолымыздан келеді.Біз оны ұстап алдық,қайтадан жібердік.

5-тәжірибе: «Бөтелке  ішіндегі,пеноплексті түтікшемен  үрлеп көрейік»

Балалар:Біздің тынысымыздан ішіндегі пеноплекстер көтеріліп ұшады,өйткені ол жеңіл.

Қорытындылау:Балалар,бүгінгі оқу қызметінен,зертханада қандай тәжірибелер жасадық.Нені байқадық.Жасаған тәжірибелерінің ішінде кімге қайсы тәжірибелер ұнады?

Ауа туралы нақыл , тиым сөздер айту арқылы қорыту.

Аружан.Б:Ауасыз өмір жоқ.

Мерей:Ауа өмір тынысы.

Айгерім:Ауа жоқ жерде өмір жо

Аружан.С:Ауа-тіршілік көзі.

Алина:Ауа бар жерде өмір бар.

Кәусар:Ауа айналаның демі.

Күтілетін нәтиже:

Білу:Балалардың жанды және жансыз табиғат туралы білімі тереңдейді.

Түсінеді:»ауа»түсінігінің сырын ашады,оның қасиетін(мөлдір,көрінбейді,иісі жоқ,онымен адамдар,жануарлар және өсімдіктер демалады)айыра атай біледі.

Жасайды:Өздігініен тәжірибе жасап,нәтижесін шығарып,өз ойларын ортаға сала біледі.

Айбекова Алмагул Абибуллайқызы

МКҚК «№169 бөбекжай-балабақшасы»

 Жоғары санатты тәрбиеші

Алматы қаласы Жетісу ауданы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.