Home » Жаңалықтар » Атырауда кітаптардан жасалған торттар көрмесі өтті

Атырауда кітаптардан жасалған торттар көрмесі өтті

Тәтті кітаптар көрмесі Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қалың оқырманның кітапқа деген қызығушылығын қайта жаңғыртуға арналған «Kitap-Fest» жобасы аясында ұйымдастырылған. Отбасылық құндылықтарды дәріптеу, баланы оқыту мен тәрбиелеуге арналған кітаптар фестивалінде қазіргі ата-ана мен педагогқа қажет заманауи үздік 16 әдебиет оқуға ұсынылған. Оқырман мәдениетін қалыптастыру және отбасылық кітап оқуды қайта дәріптеуге арналған шараға оқу орынның 16 Шаңырақ оқушылар қауымдастығы, ата-аналар мен ұстаздар бір ай бойы жапппай жұмылдырылған. «Олар әуелі берілген кітапты үйде (отбасында), мектепте (үзілістерде) оқыды. Әрбір кітаптың мазмұндылығы мен қалың болуына байланысты фестивальді бір айға созуға тура келді»,- дейді ұйымдастырушылар.

«Кітап-Фест» озық оқырмандар мәдениетін дамытуға арналған фестиваль бірнеше кезеңдерді қатыды. Әуелі Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары тәрбие мен оқыту, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты арттыруға арналған үздік әдебиеттерді өздері оқыған соң оларды қала тұрғындарына насихаттады. «Кітап қаланы аралайды» акциясы аясында 16 оқушылар шаңырақ қауымдастығының мүшелері қала көшелерінде, қоғамдық көліктерде, түрлі жеке мменшік және мемлекеттік ұйымдарға ат басын бұрып кітап туралы айтып берді. Таңдаулы шығармалардың басым көпшілігі қазіргі баламен байланыс орнатудың, жасөспірімдер писхологиясындағы күйзелістерді алдын-алудың жолдары мен ата-ананың қоғамдағы рөлі туралы көбірек айтылады.

Ақпан айының басында бастау алған шара енді өз мәресіне жетті. «Кітап-Фест» жобасының салтанатты ашылу рәсімінде мектеп оқушылары берліген кітаптардан нақыл сөздер, түрлі естелік қолтаңбаларды жасап, тәттілер жәрмеңкесін келушілерге ұсынды. Оқырмандар шарасының ашылуында 16 торт берілген кітаптар пішінінде және мұқабасымен көркемделіп көрмеге ұсынылды. Мұнда Санжар Керімбайдың «Өмірге ғашық болу», Ольга Громованың «Шекер бала», Стивен Ковидің «Отбасы тұрақтылығының жеті қағидасы»  сынды мазмұнды туындылардың торттары бар.

«Әрине басты мақсат осындай көрме жасап, таңқалдыру емес. Керісінше, бұл оқушылар мен ата-аналардың қайта кітап оқуға деген қызығушылығын арттырудың тың форматы десек дұрыс болады. Себебі бұл кітаптарды балалар мен ата-аналар өздері оқып шықты. Сәйкесінше жасалған кәде-сыйлықтар, жәрмеңкеде ұсынылып отырған тауарлардің барлығы белгілі кітаптың мазмұнын сипаттайды», — дейді мектептің баспасөз хатшысы Әнуар Жаманқұлов.

Түрлі электрондық құралдар мен ғаламторға байланған заманда адамдардың да ойлау қабілеті өзгеруде. Осыдан болса керек, қоғамда түрлі келеңсіздіктер орын алады. Ал «жақсы кітап – жан досыңмен сырласқандай» демекші белгілі шығарманы оқу – бұл ойлану деген сөз. Автормен сырласу арқылы оқырман өзінің оқу, тыңдау, шешім шығару сынды өмірге қажет дағдыларын арттырары сөзсіз. Сондықтан тәрбие негізі білімде жатыр, ал білімі негізі кітаптан басталатынын ұмытпағайық.

 

Әнуар Жаманқұлов, Атырау қ.

ХББ-ң НЗМ-ң баспасөз хатшысы, суреттер автордан

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.