Home » Қылқалам » Менің ұстазым

Менің ұстазым

Менің  сүйікті  ұстазым!
Есімде менің  ұстазымды көргенім,
Өз қызындай қабылдады ол мені.
Содан бері ұстазымды қадірлеп,
Білім  деген асқар тауға өрледім.

             Мен  бұл өлең жолдарын өзімнің  сүйікті ұстазым, әрі сынып жетекшім Салықбай Элмира Асан қызына  арнаймын. Менің ұстазым өте көрікті, сабырлы, инабатты, ақылды адам. Мен  алғаш мектеп табалдырығын аттап келгенімде күлімдеп қарсы алып, маған  қырық екі әріпті танытып, қолыма қалам ұстатып жазуды үйреткен, сонымен қатар саналы тәрбие беріп отырған ұстазымды  әрқашан құрметтеп, сыйлаймын. Менің сүйікті ұстазым Элмира Асан қызы шәкірттерін  ешқашан жамандыққа қимай, тек биік белестерден көрінуіне тілектес болып жүреді. Ұстазым әрдайым өзінің білімділілігімен, сабырлылығымен барлық оқушыларды алға жетелейді. Өзінің бар білгенін оқушыларға аянбай, ерінбей   үйретіп, әр сабақтың қызықты өтуі үшін түрлі тапсырмалар мен қызықты ойындарды қолданып оқушылардың сабаққа деген белсенділігін артып отырады. Біз  Элмира апайымызды өте жақсы көреміз. Апайға деген алғысымыз шексіз.                                                                                                                                                                                 Ұстазымыз – біздің екінші анамыз. Анамыз бізге өмір сыйлап, өмір ағымында батыл қадам басуды арман етсе, ұстазымныңда арманы  осы бағытты көрсетеді.  Ұстаз —  деген ұлы тұлға.Осыған байланысты ұстазыма тән мынандай сипаттарды даралап, атап өтер едім. Мысалға: дүниетанымдық  көзқарасы, сенімі, қызметке бейімділігі, білімі мен біліктілігі, қамқорлық көзқарасы, сүйіспеншілік сезімі, ұйымдастырушылық қабілеті, заманға сай жаңашылдықтар. Осындай даралық қасиеттер менің ұстазым Элмира Асан қызының бойынан табылады.Сонымен қатар,  ұстазымның  ұлылығы мінез-құлқында, шәкірттерімен және ата – аналарымен жақсы қарым-қатынасында. Сондай-ақ біздің қателігімізді де, балалығымызды да мейірімділігімен қабылдай біледі.  Ұстаз жүгі –ауыр жүк. Сүйікті ұстазымның әсерлі үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен, әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық сезімнің  ыстық лебін сезінемін. Менің оқуда қзат болуым, сайыстарда жүлделі орын алуым, ол менің сүйікті ұстазым Элмира апайымның маған берген білімі мен тәрбисінің нәтижесі — деп білемін. Мен ұстазымнан үйрененім де, үйренерім де көп. Шәкірттік өмірде осындай үлгілі ұстазымның болғанына қуанамын. Элмира апайыма айтар алғысым шексіз. Осы орайда ақын Ерлан Ахметтің мынандай өлең шумақтары ойыма оралады.

Адамдықтың шегінен аспайтұғын – ұстазым.
Адалдықтың жолына бастайтұғын – ұстазым.
Қылығына шаланың саспайтұғын – ұстазым.

Құпиясын баланың ашпайтұғын – ұстазым.
Қиындықты жеңуден қашпайтұғын – ұстазым.
Әзіл-қалжың айтып та тастайтұғын – ұстазым.

 

Тұрғанбай  Аяулым
Түркістан облысы, Кентау қаласы
Ш.Қанайұлы атындағы№2 жалпы орта мектебі 2 «А» сынып оқушысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.