Home » Балабақша » АТА-АНА МЕН БАЛАБАҚШАНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІ

АТА-АНА МЕН БАЛАБАҚШАНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІ

«Балаларды тәрбиелей отырып, ата-аналар

еліміздің болашақ тарихын, демек,

дүниенің де тарихын тәрбиелейді.»

А.С. Макаренко.

 

Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Бұл алға қойылып отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңестігіне толық енудің алғашқы даму стратегиясын жасау болып табылады. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмыстың үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген бала тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор. Балабақша – бүлдіршіндерді болашақта ата дәстүрін сақтайтын инабатты да, ибалы үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы.

Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы.

                                          ШАРИПБЕКОВА Жадыра Манатовна,
Май ауданы
«Ақбота» бөбектер бақшасының тәрбиешісі
Павлодар облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.