Баланы санай білуге үйрету, есептей білу қабілетін жетілдіріп отыру – аса жауапты міндет. Ата-аналар балаға «қанша?», «неше?» деген сұрақтарды қоюға болатын әрбір мүмкіндікті орынды пайдалануы тиіс. Мысалы: «Аулада неше гүл бар?», «Ыдыста неше алма бар?», «Сенің қолыңда неше машина бар?» деген сұрақтар мен тапсырмалар олардың санау қабілетін дамытады. Отбасында санай білуге үйретудің ең негізгі жолын пайдалана отырып, «саусақ санау», «бес саусақ», «санамақ», «бір қазан сүт» ойындарын ойнауға болады. Ойын алдында жұмбақтар шешкізу баланың ойынға қызығушылығын арттыру.
Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер. (қол)
Бір ін, бір іннің іші
Бес ін (бес саусақ)
Ата-ана саусақтарын көрсетіп, әр саусақтың атымен кезек-кезек таныстырады. «Бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек» дегенде сәйкес қимылдар жасап, бала қайталауы тиіс.
Баланың санай білу дағдыларын қалыптастыруда тақпақ, санамақ, жаңылтпаштар пайдаланған жөн. Ата-аналар баланың әр түрлі тапсырмаларды орындау үстінде заттардың арасындағы кеңістік қатынастарды, бағыт пен қашықтықты білдіретін арнайы сөздерді орынды қолдана білуі тиіс. Мысалы; «орнына қой» ойыны. Ол үшін баламен бірлесе отырып, үстелдің немесе қағаз парағының бетіне ойыншықтарды қою керек. Бала теріс қарап тұрады. Сол кезде бір ойыншықтың орнын ауыстырып қою қажет. Бала ненің орны ауысқанын табу тиіс. Осындай ойын арқылы баланың кеңістікті бағдарлай білу қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Ата-ана баламен серуен кезінде «Кім шапшаң» ойынын ойнауға болады.
Мысалы; әкесі «трамвай» десе, баласы «қоян » дейді. Мұнда баланың жылдамдықты анықтауға, логикалық тұжырым жасау, салыстыра білу қабілетіне байланысты. Бала ойын үстінде, серуен кезінде мынадай жаттығулар ұйымдастыруға болады.
Айналадағы заттарды сипаттауға шамасы білуге ынталанады. Ол үшін заттың шамасын былай бағалауы мүмкін; «мынау үлкен нәрсе, ал мынау кішкентай», «Дәлірек қалай айтуға болады»,- деп сұрайды. «Ол ұзын ба, қысқа ма, тар ма» «Ол ұзын» «Ал біз салыстырған бірінші нәрсе туралы не айтуға болад». «Ол қысқа». Заттарды шамасына қарай салыстыру, анықтау арқылы баланың ақыл – ой дамуына маңызы өте зор. Ата-аналардың басшылығымен баланың өмірлік тәжірибесі нығайып, адамгершілік мінез- құлқы, қарапайым дағдалары қалыптасады.
Бала өзі бақылайтын құбылыстар және көзбен көретін суреттер бойынша есептер құрастыруды меңгерген жөн. Есептер құрастыру арқылы зейіні, түсінігі ой-қиялы дамиды. Есеп кез-келген жағдайда туады. Ата- ана серуен кезінде ағаш, машина, адамдар туралы есептер құрастыруға болады. Бала санай білу қабілетіне қарай есептер шығарады. Балаларға арифметикалық есептерді шығаруға тақпақтарда пайдалануға болады.
Табақта бес алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығы
Болады неше алма?
Көлден ұшты бес қаз,
Қайтып қонды үшеуі.
Қонбағаны нешеу?
Осындай есептерді пайдалану арқылы баланың логикалық ойлауы, қиялы дами түседі.
А.М. Каримбаева
МКҚК №6 «Орман ертегі» МДҰ,
тәрбиеші,
Ақтөбе қаласы