Home » Білім және тұлға » Атамнан алар өнегем көп…

Атамнан алар өнегем көп…

Атам Мейрам Асылғазы 7 қараша 1948 жылы Павлодар облысы, Екібастұз ауданы Ақкөл ауылында туып, 1999 жылы қайтыс болған.

Менің атам әйгілі Ақкөл-Жайылма өңірінің тумасы. Жастайынан оқуға алғыр, зерек те талапты Мейрам орта мектепті бітіргеннен кейін жүрегі қалаған мамандығы журналистиканы үйренді. Қазақ мемлекеттік университетінде оқыды. Жоғарғы білім алған соң ешқайда кетпей, туған өңіріне ат басын бұрды. «Қызыл ту» газетіне қызметке орналасты. Әдетте қазақ өнерлі жасты «Сегіз қырлы бір сырлы» деп мақтайды. Өзгелерге үлгі-өнеге етеді. Атам дәл осындай теңеуге лайық. Редакция тапсырмаларын, басшылар тапсырмасын ойдағыдай орындап, басшылар мақтауына ие болумен бірге қоғамдық жұмыстардан тыс қалған емес. Ол кездегі жұрт шахматшыл. Шалғайда шахматтан әлем чемпиондығы үшін Карпов пен Корчной күресіп жатқан кез.

Атамның шахмат ойыны үстіндегі фото суреті

Атамның шахмат ойыны үстіндегі фото суреті

Сондай-ақ, біздің редакцияда шахмат ойындары одан кем түспейтіндей тартысты. Өйткені мықтылар жеткілікті. Мықтылар қатарында менің атам да бар. Атам шахматты керемет ойнаған. Ол менің әкемді де, әкемнің ағасын да шахмат ойнауды үйреткен. Енді менде қазір үйренудемін.

 

«… Мейрам ағаңның  денсаулығы кейінгі  жылдары күрт төмендеп кеткен болатын. Тіпті  қолына таяқ ұстап  қалған-ды. Бірақ  бірде-бір рет денсаулығы туралы мұң шағып, қиналып жүргенін сездірген емес. Жұмыстан бір күн қол үзген емес. Жаңа шығармалар жазды, көркем аудармамен айналысты. баспалардың тапсырыстарын орындады»,- деп жазған. Шынымен әкем атамды еске алып, бізге айтқанда жүзінен әкеге деген махаббат пен сағыныш сезімін қатар көруге болады. Үнемі әкем атамды өзіне және бізге үлгі етіп айтып отырады. Оқуды үйренгеннен бастап атамның шығармаларына қызығушылық таныта бастады. Оның басты себебі атамның шығармаларын әкем өсиеттей көріп, қадірлеп қайтара оқып отыратын. Тектен нәр алған тозбайды дегендей ана сүтімен әкенің өнегесімен бойына дарыған бар асыл қасиетті меніңде бойыма дарыту үшін бар ынтасын қоюда.

Жақсы ағаның жолын кеспе, жолын қу.
Жас баланың жолын кеспе, белін бу – деп қазақ халқы тауып айтқан. Қазақ халқы мен балаларына асыл мұра етіп шығармаларын қалдырған атам. Менде атам сияқты елін сүйетін,  халқына адал қызмет ететін азамат болғым келеді.

Атам өз ісінің маманы ғана емес сонымен қатар қоғамдық өмірге де белсене қаты- сып, жан-жақты болған. 1976-1977 жж аралығында Павлодар қаласында жерлесі ШәкенРақышевпен бірге домбыра аркестірін құрды. Суретте атам домбыра аркестірінде. У.Дрепердің «Европа ақыл-ойының даму тарихы» атты кітабын қазақ тіліне аударған. Жігітке жеті өнер де аз демекші, атам үстел теннисінің шебері.       Бес қабатты үйдің астыңғы бөлігінде орналасқан редакцияда теннис үстеліне қал- ай орын тапқана таң қаламын. Түскі үзіліске шыққанда, сондай-aқ жұмыс аяғында қолына ракетка ұстаған.Жұрт көбіне атамның ойынын көруге келетін.Оң қолымен кішкентай шарды құлаштай соққанда-қайтарып көр!

Бәрін айт та, бірін айт. Атам қолына қара домбыраны алса, домбыраның күмбірімен айналасын баурап алады, тыңдаушының жүрегіне жол табады, әсем әуендерін тыңдай бергің келеді. Сол кездері редакция ұжымы сауықшыл. Әр нәрсені себеп етіп, той-томалағын өткізіп жатады. Сол той-томалақта жастар, әсіресе атам ерекше көзге түседі. Қолында домбыра. Қазақтың күйлері бірінен соң бірі төгіледі. Домбыра пернесінде ойнақтаған саусақтарына қарап, өнерлі жасқа қызыға қарайтын әріптестері. Атам өзі де күй шығарған. Кәкәу дейтін  күйі бар.

 «Кәкәу» күйін орындау үстінде

Атамның шығармалары

Менің атамның шығармалары өте көп. Олар: Өзгеше бір күн Бекім, Жаңа қала тұрғындары. Жаңа қала тұрғындары екі бөлімнен тұрадыЖәне атамның өзі шығарған кітаптары бар: «Өзгеше бір күн» «Ауылдастар», «Иірім».

    «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» деген сөздің астарын әр адам өзінше түсінеді. Себебі әр отбасындағы тәрбие көзі қарияларымыз сиреп бара жатыр. сонымен қоса ана тіліміздің шұбарлануы тағы бар. Мен өз отбасыммен мақтанамын. Атам – аз жазған, аз жазса да саз жазған жазушылардың бірі. Ол тек өз кәсібімен ғана айналыспай ұрпақ тәрбиесіне де көңіл бөлген. Оның айғағы әкем мен оның бауырлары.  Атам отбасылық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай әр баласының санасына отанға, отбасына, халқына деген жанашырлықпен махаббатты қатар дарытқан. Қазақ халқаның  киелі музыкалық  аспабында ойнауға, шахмат ойнауға үйреткенінен көре аламыз. Қазақ жерінде әрбір отбасында менің атамдай асыл қариялардың болғанын қалаймын. Себебі қариясы бар үйдің қазынасы бар.

Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.

Туған тілде әнім менен сәнім бар,

Туған тілде сыры терең жаным бар.

 

«Менің атам» ғылыми жобасынан үзінді.
Орындаған
: Н.Д.Асылғазы
№56 мктеп-лицейінің 4 «В» сынып оқушысы
Жетекшісі: Б.А.Ишатова
№56 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.