Сыныбы: 4 В
Сабақтың мақсаты;
- Оқушыларға шешендік сөздердің мәнің ұғындыру.
- Оқушыларды ата сөзіне қызықтыру.
Көрнекілігі: Үлкейтіліп салынған ата мен немере суреті. Өнегелі сөздер жазылған плакаттар.
Құрметті мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар!
Бүгін сіздер «4 В » сынып оқушыларының «Аталар сөзі – ақылдың көзі» атты ертеңгілігіне келіп оырсыздар.
Оқушы:
Жерден ауыр не?
Судан терең не?
Оттан ыстық не?
Көктен биік не?
Оқушы:
Судан терең дегенім – оқу, ғылым.
Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі.
Көктен биік дегенім – тәкаппардың көңілі.
Оқушы: Алты алаш деген не?
Оқушы: Алты алаш деген – Алаш ханның алты балалары; Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан.
Оқушы: Не жетім?
Оқушы: Жаңбыр жаумаса – жер жетім,
Басшы болмаса – ел жетім,
Ұқпасқа айтылған сөз жетім.
Оқушы: Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?
Оқушы: Ананың сүті тәтті. Ананың қолы жұмсақ.
Әкенің жүрегі қатты.
Оқушы: <Әкім> деген сөзді ажырата білесің бе?
< Ә > дегені – әділ бол,
< К > дегені – кекшіл болма.
< І > деген — ілтипатты бол,
<М >деген — менмен болма, мейірман бол.
Оқушы: Үш сауап туралы не білесің?
Оқушы: Үш сауап:
Шөлге құдық қазған.
Өзенге көпір салған.
Жолға ағаш еккен.
Оқушы: < Қазақ биі >.
Оқушы: Қазақша күн аттарын білесің бе?
Оқушы: Бүгін – дүйсенбі,
Ертең – сейсенбі.
Бүрсігүні – сәрсенбі.
Арғы күні – бейсенбі.
Ауыр күні – жұма,
Соңғы күні – сенбі.
Азына – жексенбі.
Оқушы: Он ата
Әке. Бала. Немере. Шөбере. Шөбшек. Немене. Туажат
Жүре жат. Жекжат. Жұрағат.
Оқушы: Жеті қазына дегеніміз не?
Оқушы:
1.Ер жігіт.
2.Сұлу әйел.
3.Ілім-білім .
4.Жүйірік ат.
5.Құмай тазы.
6.Қыран бүркіт.
7.Берен Қазына.
Оқушы: Жеті қазына дегеніміз не?
Оқушы:
- Қыдыр.
- бақ .
3.Ақ жаулық.
4.Ақыл.
5.Денсаулық.
6.Тұз.
7.Ит.
Оқушы: Жұт жеті ағайынды дегеніміз не?
Оқушы:
- Құрғақшылық.
- Мал жұтау.
- Оба(індет).
- Өрт.
- Соғыс.
- Жер сілкіну.
- Сел жүру (тасқын).
Оқушы: Кім жақын?
Тату болса – ағайын жақын.
Ақылшы болса – апайың жақын.
Бауырмал болса – інің жақын.
Инабатты болса – келінің жақын.
Алдыңа тартқан адал асын,
Қимас жақын қарындасың.
Оқушы: Не қымбат?
Оқушы:
Алтын ұяң – Отан қымбат.
Құт-берекең – атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қынбат.
Мейірімді анаң қынбат.
Асқар тауың – әкең қынбат,
Бәрінен де ұят пен ар қымбат.
Ән «Отан».
Хор.
Оқушы: Не қиын?
Оқушы: Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқылаған сөз қиын,
Жазылмаса дерт қиын.
Іске аспаған серт қиын,
Ақылыңнан адасып,
Өзің түскен <өрт > қиын.
Не істеріңді біле алмай,
Ашиды сонда бас миың.
Оқушы: Қазақтың қонағы неше түрлі болады?
Оқушы: Қазақтың төрт түрлі қонағы болады:
1.Арнайы қонақ. 2.Құдайы қонақ. 3.Қыдырма қонақ. 4.Қылқыма қонақ.
Оқушы: Көп жасаған қария,
Ақылы — теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар ,
Сөзі — сопақ, өзі-нар.
Оқушы: Дүниеде не қымбат?
Адамға не қымбат?
Жансызда не қымбат?
Оқушы: Дүниеде адам қымбат.
Адамға бала қымбат.
Жансызда гауһар қымбат.
Оқушы: Достық нешеу?
Оқушы: Достық екеу.
Бірі – адал достық,
Екіншісі – амал достық.
Адал достық – өмірлік нұсқа болады,
Амал достық – өрісі қысқа болады.
Ән-хор « Достарым-ай»
Оқушы: Би «Қара жорға»
Оқушы: Ата салтымыз бойынша бата сұраймыз.
Оқушы: Қуаныштың тұрағы бол,
Ұлан істің бұлағы бол,
Мерекеніңқұрғы бол,
Сабырлының сыңары бол,
Пәк үлгінің шынары бол,
Туралықтың ұмары бол.
Әумин.
Оқушы: Құрдасыңа – қуаныш бол,
Сырласыңа – сынақ.
Жылағанға- жұбаныш бол.
Туысыңа – тұнық бол,Татулыққ – ақбол.
Ықыласқа – ақ бол,
Ана алдында – аласа бол.
Ар алдында биік бол.
Оқушы: Әлемнің бетін жарық ет,
Ұл – қызды түгел білімді ет.
Келесі оқу жылына,
Аман –есен түгел жет.
Меккедегі Мұхаммед,
Түркістанда Қож Ахмет,
Осы айтқан тілеуімді,
Құдай қаласа, Қабыл ет!
Оқушы: Құрметті қонақтар, біздің «Аталар сөзі – ақылдың көзі» атты сынып сағатымыз аяқталып келеді. Сөз кезегі тәрбие ісінің меңгерушісі Г.А. Гасанов ағайға беріледі.
Исакова Калдыкыз Сериковна,
№ 90 жалпы орта мектебі,
Шымкент қаласы