Home » Балабақша » «Асық shapes»

«Асық shapes»

 Бурумбаева Лаура Серікқызы,
Нұр-Сұлтан қаласы,
№48 «Ақ көгершін» балабақшасы
жоғары деңгейдегі, бірінші санатты әдіскері.

 

Ересек және мектепалды даярлық топ балаларына арналған ойын

Мақсаты: геометриялық пішіндер, түстер, сандар туралы білімдерін шыңдау

      «Асық shapes» ойының негізгі идеясы балаларға алғашқы геометриялық пішіндер, түстер, сандар туралы түсінік үш тілде беру. Сонымен қатар, түрлі – түсті геометриялық пішіндерде орналасқан асықтар көмегімен, баланың аяқ табан нүктелеріне массаж жасау арқылы денсаулығын нығайтуға бағытталған.

Ойын шарты

                                          Шаршы алаңдар тізіліп,
Бір қатарға тұрады.
Мұның бәрі түбінде,
Тік бұрыш боп шығады.
Ары қарай пойызбен

ән айтып үшбұрыш қалашығына келеді.

 

«Асық shapes» ойыны үш кезеңнен тұрады:

  1. Бірінші кезенде үш ойыншы түрлі-түсті кубикті лақтыру арқылы,  өздерінің тоқтақтайтын геометриялалық фигуралардың түсін анықтап алады.

Мысалы: түрлі-түсті кубикті лақтырғанда қызыл түс түссе, әр  ойыншы өздеріне тесілі қатар бойынша  тізбектелген пішіндер арасынан қызыл түсті дәл тауып, аталмыш түстін үстіне тұрады.        

  1. Екінші кезеңде ойы шарты бойынша ойыншылар қолдарына берілген фетр матадан жасалған геометриялық пішіндерді, қатар бойынша тізбектелген пішіндер үстіне сәйкестендіріп, үш тілде атауларын дұрыс айтуларын табады.

Мысалы: егер бір ойыншының қолына тәрбиеші тік төртбұрыш пішінін берсе, ойыншы бала қолындағы геометриялық пішінді кілемшедегі тік төртбүрыштың үстіне қойып, дәл тауып, сәйкестендіру қажет.

 

  1. Үшінші кезеңде ойыншылар асықты аяқтарының ұшымен санау арқылы, қанша асық барын санауы қажет.

Мысалы: ойыншы бала пішін үстінде жапсырылған асықтарды аяқ ұшымен  санап, қанша екенін айтуы керек.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.