Целиноград ауданы білім бөлімі
«Әсем-Ай» экологиялық балабақшасының
тәрбиешісі Таменова Жанар Илясқызы
Ән әуенмен ұл балалар әуен залға кіреді. Бұл көрініс: «Мерекеге дайындық».
1-ұл: Мереке де келіп қалды
Бізде бәрі дайын ба?
Қазір қыздар келеді,
Залды қылдырайық, әдемі.
2-ұл: Айттым ғой мен сендерге,
Үлгермей қаламыз деп!
Бәріне қыздар кінәлі
Өлең айтса болғаны!
Жүргізуші: Ұлдар, ұлдар, ұрыспаңдар,
Әне, өздері де келіп тұр!
Көңілдірек жымыяйық,
Біздің қыздар келіп тұр!
Қарсы алайық!
Музыка ырғағымен залға қыздар кіреді. Ұлдар қолдарымен шапалақтайды.
Жүргізуші: Құрметті әжелеріміз, аналарымыз, қыздарымыз! 8- наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз! Әрдайым мейрім шуағын шашып жүре беріңіздер. Біз бүгінгі аяулы жандар, ардақты аналар, қыздар, ақ жаулықты апаларға арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.
Жүргізуші: Балаларды жыр-шумақтарымен ортаға шақырайық.
1-ұл: Бәріне бүгін не болды?
Қыздар неге әдемі?
Мен түсіндім бұл күнді,
Наурыздың сегізі.
2- ұл: Наурыздың сегізі
Шықты анам – әдемі
Әжем де, тәтем де,
Әп- әдемі көйлекте.
3-ұл: Ақ қабықты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
4-ұл: Сенен өскен балалр,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар.
Жүргізуші: Күлімде, күн күлімде,
Жер жасарып көгерсің.
Кешегідей бүгінде,
Бүлдіршіндер ән салсын.
Балалардың орындауында «Туған күніңмен» деген әнді қабыл алыңыздар.
Ән: «Туған күніңмен!»
Залға Қызыл телпек кіреді.
Қызыл телпек:
Мен қызыл телпекпін,
Орманға қазір барамын,
Гүлдерді теріп аламын.
Қызыл телпек шеңбер бойымен жүріп, гүл таба алмай жүреді
Қызыл телпек: Гүлдер көрінбейді, Анам енді не дейді.
Жүргізуші: Қызыл телпек бүгін 8 наурыз мерекесін тамашалауға қал. Қандай өнерің бар.
Қызыл телпек: Билегенді ұнатамын.
Жүргізуші: Ой балалар, балалар,
Ойнайықта күлейік.
Қане енді бұралып,
Би билеп те берейік.
Би: «Көктем» биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Ал, балалар, халайық!
Бәрің бері қарандар,
Тіршіліктің бастауы
Көктемді қарсы алыңдар!
Залға әуенмен Ару – көктем келеді (құшағында бір құшақ гүлі бар).
Көктем: Сәлем, достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда
Мен көктемнің жаршысы,
Қуантамын бәріңді.
Көктем: Маған жаңа мында не болып жатқанын құстар келіп сыбырлап кетті. Ал мына залдағы көңіл күй қандай тамаша!
Жүргізуші: Біздің балалар қазір көктемге және аналарына арнап жыр-шумақтарын оқып береді.
5- бала: Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнім де.
Арнадым саған бәрінде.
6- бала: Бәрімізге анасың,
Біз үшін көп жанасың.
Құтты болсың мейрамың
Құттықтаймын анашым.
7-бала: мынадай ана тағы бар
Мамандығы мұғалім
Үйретеді баланы,
Сурет салып, билеуге.
8-бала: Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейрімді ғой керемет.
9-бала: Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін
Мәпелеген анамды
Қуантсам деп келемін.
10- бала: Көктем келді, көктем келді!
Күн шуағын әкеліп төкті
Көктем жетті шуақ шашып
Су ағады сай салада.
Көктем: Қандай тамаша өлеңдер! Мына құшағым толы гүлдерді Қызыл телпекке ала келдім. Анасына апарып берсін. Балалар гүлдермен ойын ойнайық.
Ойын: «Гүл жинау» қызыл телпектің себетіне жинап берейік
Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді әр топта 5 баладан. Жерден гүлдерді алаып себетке салады. Кім жылдам жинайды.
Жүргізуші: Рахмет саған Ару- Көктем. Енді біздің Қызыл телпектің анасына апаратын сыйлығы бар.
Көктем: Жүздерің балбұл жайнап гүлдей құлпырып жүре беріңдер.
Жүргізуші: Ару –Көктем біздің балалар саған арнап ән орындап береміз дейді. «Көктем келді» әнін қабыл алыңыздар.
Көктем: Рақмет балалар, сендердің өнерлерің көп екен. Әрқашанда өнерлі балалар боп жүре беріңдер. Менің кетуім керек. Басқа балалардың ертеңгілігіне баруым керек. Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз!
Жүргізуші: Біз мерекемізді әрі қарай жалғастырамыз.
Жүргізуші: Бүгінгі мейрамға біздің сүйікті әжелерімізде келді. Балаларымыздың әжелеріне арналған жыр шумақтарын тыңдайық.
11-бала: Шашымды Өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
12-бала: Ертегі қандай көп еді,
Күнде айтып береді
Қуанатын балаша,
Әжем менің тамаша.
13-бала: Әжем менің әліде,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді,
Қажет болса бәріне.
14- бала: Ақ кимешек киген,
Ақ бетімнен сүйген.
Мені жақсы көрген,
Ертегі айтып берген.
Әжем менің қандай,
Әжем менің айдай.
15-бала: Ән саламыз билейміз
Сіздерге бұл сый дейміз
Қариясы бар үйдің
Қазынасы бар дейміз.
Жүргізуші : Біздің балалар аналарымызға және әжелерімізге арнап би дайындап келіпті.
Би:«Гүлдер» биін тамашалаңыздар.
Жургізуші: Әрине, бұл мереке көптен күткен мереке болғандықтан балалар өз өнерлерін барынша көрсетуде. балаларымыздың әжелеріне арналған «Сағындым әже, сағындым» атты әнін тыңдайық.
Жүргізуші: Ал енді біз тағыда ойын ойнағымыз келіп тұр, ойнайсыңдарма?
Балалар: Иә, ойнаймыз.
Ойын: «Кім жылдам?»
Ойынның шарты: Ендеше маған екі қыз бала және олардың аналары керек. Мен сендерге домалақтанған жіпті беремін. Ұзын жіптің ортасына қояды. Сол белгіге дейін екі жақтан орап шығу керек. Кім тез келгенін бақылап тұру. (екі рет қайталанады)
Жүргізуші: Рақмет сендерге, біздің көңілімізден шықтындар. Балалардың жыр-шумақтарын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Ал енді біздің Алмастын орындауындағы «Тұлпарым» атты тамаша әнді тыңдайық.
Жүргізуші: Балалар, сендерге көп рахмет, өте тамаша, өнерлеріне риза болдық. Осымен біздің бүгінгі мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар, ұстаздар, гүлдей нәзік қыздар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең мейрімді ең сұлу, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық! Біздердің шын жүректен жасаған кішкентай сыйлығымыз бар соны сіздерге ұсынамыз.
Балалар сыйлықтарын таратады.