Home » Айтарым бар » Астана – әсем қала

Астана – әсем қала

2018 жылы 18 қаңтарда Успен ауданының «Қаратай жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінде ел ордасы – Астана қаласының 20-жылдығына байланысты «Астана- әсем қала» тақырыптағы макеттер сайысы өтті. Шараның мақсаты Астана қаласының көрікті жерлерін таныстыру және оқушылар бойында ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру.Астана жылнамасын құру, жаттау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, Астана тарихын насихаттау арқылы тіл байлығын, сөз саптауын, ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру. Астананың мәдени жетістіктерінің, оқушыларды отансүйгіштікке, әсемдікке, салауаттылыққа баулу.

Елордамыз бүгінгі таңда елдің төрі – барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналған, астананың өзiндiк дәстүрi мен тарихы тереңнен басталады, әлемдiк архитектураның үздiк үлгiлерi бойынша тұрғызылған тұғырлы қала. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуекелшіл бастамасымен өмірге келген тәуелсіз еліміздің бас қаласы Астана бүгінде төрткүл дүниеге танымал әлем астаналарының қатарынан ойып орын алды. Тәуелсіз еліміздің тірегі мен жүрегіне айналған. Астана қаласы дүние жүзіне өзінің қайталанбас архитектуралық құрылыстарымен таңданыс тудырған мемлекетіміздің бас қаласы.

Сайысқа даярлық тобынан бастап 1-9 сыныптар оқушылары қатысты. Сайыс экскурсия түрінде өтті оқушылар Бәйтерек, Ақ орда резиденциясы, Бейбітшілік пен келісім сарайы , Қазақ елі монументі, Цирк ғимараты, «Астана-Арена» футбол стадионы, «Хан шатыр» ғимараттарының макеттерін жасады да өз жұмыстарын қорғады. Сайыс өз мәресіне жетті, жеңімпаздар анықталды. Женімпаздар мадақтама қағаздарымен марапатталды.

                                                              Ильяшева С.К.,
Успен ауданының «Қаратай жалпы орта білім беру мектебі»
мемлекеттік мекемесінің аға тәлімгері

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.