Home » Жаңалықтар » Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2018 жылғы атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2018 жылғы атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Астана қаласының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау, карантинге жатқызылған өнімді әкелу, әкету, мемлекетішілік тасымалдау және өткізу тәртібі мен рәсімдерін қамтамасыз етеді, сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды  қамтиды.

Жыл басынан өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен карантинге жатқызылған өнімдерді экспорттау, импорттау және транзиттеу барысында 16 429 карантиндік фитосанитариялық тексеру актілері берілді. Алыс және жақын шет елдерден 154 777 тонна, 4962 м куб, 9 857 534 дана, басқа облыстардан 83 246 тонна, 73 347 дана карантинге жатқызылған өнімдер келіп түсті. Астана қаласы аумағынан басқа облыстарға 121 157 тонна, 3 842 826 дана, Экспортқа 62 841тонна карантинге жатқызылған өнімдер шығарылды.

Карантинге жатқызылған өнімдерден 814 орташа үлгілер зертханаларға іріктеліп жолданды, оның ішінде «Фитосанитария» РМК-на – 62 үлгі және, «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы » — ММ-не (бұдан әрі – РӨКО) – 752 үлгі.

2018 жылдың басынан бері 7040 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның ішінде — 4799 электронды түрде, 2241-қағаз жүзінде берілді. Астана қаласынан экспортқа – 2497 дана фитосанитарлық сертификат, облысаралық тасымалдауға – 4543 дана карантиндік  сертификат берілді.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілікке тартылып, 213 айыппұл салынды, оның ішінде 203 жеке тұлғалар, 10 заңды тұлғалар. Жалпы әкімшілік айыппұл көлемі 11 034 140 тенге соманы құрады. Соның ішінде қысқартылған сома бойынша төленгені 4 268 875 теңге.

Сонымен қатар, 6 жағдайда карантиндік нысандар анықталды. Оның ішінде 2 жағдайда қауын, қарбыз өнімдерінен  – қауын шыбыны, 2 жағдайда анар өнімдерінен  — Комсток сымыры, 2 –жағдайда киви өнімдерінен тұт ағашының қалқаншалы сымыры анықталды. Аталған өнімдер сатудан алынып, арнайы пештерде өртеу арқылы жойылды.

Сондай-ақ, жыл басынан бері Ресей Федерациясына 12 нотификация жіберіліп, тиісті іс-шаралар атқарылды, атап айтқанда 6 жағдайда жалған сертификаттар жасау фатісі анықталып, сәйкесінше ІІМ-не, мемлекеттік кіріс департаментіне, экономикалық тергеу қызметіне, Астана қаласының Прокуратурасына хат жолданды,2 жағдайда мемлекеттік қызмет алушының өз қолымен сертификаттарға өзгерістер енгізу фактісі, 1 жағдайда таңбалану болмау (отсутствие маркировки), 2 жағдайда 30.11.2016 жылы қабылданған №157 ЕАЭК кеңесінің шешімін бұзушылық фактісі анықталды.

Қыркүйек айының ішінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін тексермей фитосанитарлық сертификат беруін өтініп, телефонға бірлік салған А. есімді азаматша соттың шығарған қаулысына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды(200 АЕК көлеміндегі айыппұл).

 

Батырханова Айгерім Оразбекқызы,
Өсімдіктер карантині жөніндегі
мемлекеттік инспектор

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.