Астана қаласының аумағындағы зиянды организимдердің көп таралғаны:
- Көп қоректі зиянкестер:
1) саяқ шегіртке тұқымдастар (тәлімі жер шегірткесі, кіші айқышты саяқ шегіртке, дала атшығы, Фишер саяқ шегірткесі, саяқ шегірткелер: атбасарлық, ақ жолақты, қанатсыз немесе жаяу, айқышты, сібірлік, далалық, қара қанатты, қара жолақты);
2) шалғын көбелегі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша Аумақтық инспекциясы ММ деректеріне сүйенетін болсақ, 2016-2017 жылдары аралығында Астана қаласы аумағында жоспар бойынша аса қауіпті және ерекше қауіпті саяқ шегірткеге 10600га, шалғын көбелекке 2200га аумақ жерге зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Анықталған аумаққа 2016жылы ерекше қауіпті саяқ шегерткелердің экономикалық зияндылық шегі (ЭЗШ) асқан жерлерге-1951га химиялық өндеу жасалынды. Химиялық өндеу пестицидпен Каратэ 050 к.э. гектарына 150грамм себілді.
2017жылы ерекше қауіпті саяқ шегеркелердің экономикалық зияндылық шегі (ЭЗШ) асқан жерлерге -1361га химиялық өндеу жасалынды. Химиялық өндеу пестицидпен Император гектарына 60 грамм себілді. Бұл жылы шалғын көбелегі анықталған жоқ.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — орталық) алдыңғы жылы жүргізген жазғы-күзгі зерттеулер негізінде растайтын тиісті облыс аумағында зиянды организмдер бойынша болжанып отырған өңдеу көлемі зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі тиісті бюджеттік бағдарлама енгізуге негізгі өлшем болып табылады. Зиянды организмдер бойынша өңдеу көлемін болжау үшін қызметі ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілерге байланысты жеке және заңды тұлғалардың да мониторингілік іс-шаралар деректері ескеріледі.
Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізуге арналған бюджет қаражаты зиянды организмдермен экономикалық зияндылық шегінен (бұдан әрі — ЭЗШ) жоғары мекенделген және (немесе) залалданған алқаптарды химиялық өңдеу жөніндегі қызметтерді сатып алуға арналады.
Зиянды организмдермен мекенделуді зерттеуді субъектілер, ал босалқы жерлерде орталық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекітетін Ауыл шаруашылығы алқаптарының зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерді есептеу және анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес жүргізеді
- Химиялық өңдеуге жататын алқап ЭЗШ-нің мына көрсеткіштеріне сәйкес айқындалады:
- Саяқ шегіртке тұқымдастар — 1 шаршы метрге 8-10 екі-үш жасар дернәсіл;
- Шалғын көбелегі — көктемде өскінде және жас өсімдіктерде — 1 шаршы метрге 5-10 жұлдызқұрт, ал жазда — 1 шаршы метрге 20-дан астам жұлдызқұрт;
- Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар:
1) зиянды организмдер мекендейтін орындарды анықтау жөнінде фитосанитариялық мониторинг жүргізуді;
2) зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу жүргізу үшін пестицидтер (улы химикаттар) сатып алуды;
3) пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауды және жұмыстар орындалатын орындарға дейін жеткізуді;
4) зиянды организмдер ЭЗШ-ден көп мекендейтін орындарға химиялық өңдеу жүргізуді қамтиды.
- Зиянды организмдер мекендейтін орындарды анықтау жөніндегі фитосанитариялық мониторингті зиянды организмдердің дамуы мен таралуы кезеңінде орталық тұрақты негізде әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырады.
- Зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу жүргізу үшін пестицидтер (улы химикаттар) сатып алуды химиялық өңдеулерді жүргізу алдында химиялық өңдеу жөніндегі қызметтерді өнім берушілер (бұдан әрі — өнім берушілер) жүзеге асырады.
- Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауды және жұмыстар орындалатын орындарға дейін жеткізуді химиялық өңдеулерді жүргізу алдында өнім берушілер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 515 қаулысымен бекітілген «Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес жүзеге асырады.
- Зиянды организмдер ЭЗШ-ден көп мекендейтін орындарға химиялық өңдеу жүргізуді зиянды организмдердің түрлері бойынша өңдеулердің оңтайлы мерзімдерінде өнім берушілер мекендеу орындарын авиация немесе жер үсті тәсілімен бүрку арқылы жүзеге асырады.
- Зиянды организмдерге қарсы күресті әр түрі бойынша жүргізуге арналған бюджет қаражаты орталық беретін, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық (Астана және Алматы қалалары) аумақтық инспекциясымен (бұдан әрі — ауминспекция) келісілген және облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі — басқарма) бекітетін болжанып отырған өңдеу көлемдері негізінде жоспарланады.
- Зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық іс-шаралар Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтермен (улы химикаттармен) жүзеге асырылады.
- Зиянды организмдермен ЭЗШ-ден жоғары мекенделген және (немесе) залалданған алқаптарды химиялық өңдеу жөніндегі қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес басқарма жүзеге асырады. Бұл ретте пестицидтерді (улы химикаттарды) сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды және пайдаланылған пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстарын кәдеге жаратуды өнім берушілер жүзеге асырады.
- Зиянды организмдердің, қорғалатын дақылдың және (немесе) екпелердің даму фенологиясын есептеу жөніндегі жүйелік байқаулар негізінде орталықтың филиалдары субъектілерді, әкімдіктерді, облыстық (Астана және Алматы қалалары) және аудандық ауминспекцияларды аумақтарға зерттеу жүргізу қажеттілігі және қорғау іс-шараларын жүргізу мерзімдері туралы жедел құлақтандыру (сигналдық хабарлау) жүргізеді.
- Көктемгі-жазғы зерттеулер кезеңінде өз аумақтарында зиянды организмдерді есепке алу мен анықтауды субъектілер әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырады. Босалқы жерлерде зиянды организмдерді есепке алу мен анықтауды орталық филиалдарының мамандары жүргізеді. Тиісті жылы зиянды организмдермен ЭЗШ-ден жоғары мекенделген және (немесе) залалданған нақты алқап осы Ережеге сәйкес нысан бойынша зерттеу актілерімен (бұдан әрі — зерттеу актісі) расталады.
- Мониторингті зерттеу мен фитосанитариялық іс-шараларды бақылауды облыстық және аудандық ауминспекциялар жүзеге асырады.
2018жылы Астана қаласы аумағында жоспар бойынша жүргізілетін зерттеу жұмыстары, аса қауіпті және ерекше қауіпті саяқ шегірткеге 12800га және шалғын көбелекке 600га.
Болжанып отырған химиялық өндеу көлемі жоспар бойынша ерекше қауіпті саяқ шегірткеге қарсы 1019га.
Қазіргі уақытта аса қауіпті және ерекше қауіпті саяқ шегірткелер күбіршікетерінің көктемгі қоныстануы жоспар бойынша 850 га, оның ішінде зерттелгені 62га.
Б.Какимов
«ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция
комитетінің Астана қаласы бойынша
Аумақтық инспекциясы» ММ
Өсімдіктер карантині қорғау және
фитосанитариялық бақылау беккеттері
жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің
жетекші маманы