Home » Жаңалықтар » Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушы-ата-ана конференциясы өтті

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушы-ата-ана конференциясы өтті

                Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7-11 сынып оқушыларына арналған оқушы-ата-ана конференциясы өтті. Аталмыш шараға 1200-ге жуық адам қатысты. Оның ішінде 600 оқушы және олардың ата-аналары мен заңды өкілдері, мектеп әкімшілігі және мұғалімдері. Іс-шараның мақсаты – ата-ананы оқу, үйірме жұмыстары, әлеуметтік жоба барысындағы оқушы жетістіктерімен таныстыру. Оқушыларда оқу жылы барысында мектепішілік, қалалық іс-шараларға қатысымы туралы айту мүмкіндігі туды.
Оқушылар конференцияға мұқият дайындалды: пәнді оқу, үйірме жұмысында, жоба жазу барысында игерген оқу жетістіктері, дағдылар бойынша рефлексия жазды. Сонымен қатар, өздері кезіккен қиындықтарды да атады. Әр оқушы өздерінің даму жоспарларын жазып, ата-анасына ұсынды.
Конференция соңында ата-аналар өздерінің пікірлерін жазып, бала өміріндегі отбасы мен ата-ананың рөлі туралы ашық хаттарды табыстады.



Назарбаев Зияткерлік мектебінің
баспасөз қызметі
Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.