Home » Поэзия » Астана – мәңгілік елдің Елордасы

Астана – мәңгілік елдің Елордасы

Қазақстан – алтын ордам, Отаным,
Сүтпен сіңген бесігімде бұл ұғым.
Қайырымды қанатыңның астында
Арнаймын жыр сәлемін жазып бүгін.

 

Туған жерге ұқсатпаймын басқа ұяны,
Тұлпарлардың дүбірлеген тас тұяғы
Таусылмас жыр тарихқа куә болған
Астана – азат елдің айбыны.

 

Астана – Отанымның тірегі,
Астана – Еуразияның жүрегі,
Елбасының тарихи қолтаңбасы
Тәуелсіз қазағымның тілегі.

 

Асыл текті ата-баба арманы
Қазақтың басына қонған бақыт-бағы.
Елордасы – азат таңы, ақ таңы,
Орындалған күллі Алаш арманы.

 

Ей, қазағым, қарашы бір артыңа!
Топырағы құтты жерге шаттана.
Ел басқарған небір батыр даналар
Шежірелі тарихымен мақтана.

 

Ертедегі ер бабамыз Едіге
Айбынды Абылай да Есілде –
Орда тігіп, ел билеген хандарың
Ұмытылмас алтын тарих бетінде.

 

Неткен ғажап Есілінің жағалауы!
Мұнда жұрт қысы, жазы дем алады.
Жайсаң жер бір рахаттың ұясындай
Пейзажына кім мінін таға алады?!

 

Сүйемін табиғатын дауылдатқан,
Талаптың арғымағын арындатқан.
Сүйемін Елордамның гүлін, әнін,
Сүйемін ескен жерін борандатқан.

 

Қазағымның бағаналы Бас Ордасы,
Қазағымның мерейі мен мәртебесі.
Ел қондырған Есілінің бойына
Тұнып тұрған Елбасының төл еңбегі.

 

«Бейбітшілік қаласы» деген атқа
Лайық болған Елордамыз – Астана.
Қысқа мерзім ішінде қол жеткізген
ЮНЕСКОның шешімімен жас қала.
Қазағымның атты ғой арман таңы
Күллі әлемді тыңдатып күндіз-түні:
«Астана – мәңгілік ел Елордасы»
Деген сөзді ұрандатып азаматы.

Достықтың туын тіккен еркін елім
Тарихы шежіре боп шертілген.
Алтын түсті қыран, өрнек, күн бейнесі
Көк байрағы биіктеп желбіреген.

Қарағанда гүлдей жайнап әрқашан
Өзге ұлттар таңдай қағып қалсын қайран.
ЭКСПОдай жетістіктің нешеуімен
Жасасын мәңгілікке Астанам!

Өмірдің өзегімен судай ағып,

Уақыт шіркін өтеді қанат қағып.

Елі сүйген, елін сүйген Нұр аға

Жасай берсін өз елімен мәңгілік!

 

Айгерім Айтказина
«Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.