Home » Балабақша » Астана — менің тірегім, балабақша – жүрегім

Астана — менің тірегім, балабақша – жүрегім

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызы зор. Жеткіншек тәлім-тәрбиесінің үздік маманы болу және өз табиғатындағы үрдістерді балаға бере білуімен ерекшеленеді. Мемлекет басшысының болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында №28 «Алпамыс санаторлық бөбекжай» балабақшасында «Өнерлі тәрбиеші өрге жүзер» байқауы болып өтті. Сайыста бақ сынаған екі команда «Астана» тобы мен «Болашақ» тобы өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етті. Сайыс 6 кезеңнен тұрады:

1.Таныстыру;2. Өнерлі өрге жүзер; 3. Ғажайып сәт; 4.Тілім менің – тірлігімнің айғағы; 5.Тәрбиеші модулі; 6.Астанаға тарту.

Тәрбиешілер «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық»,«Әлеумет» деп аталатын білім беру салаларын атап өтті. Бал тілді балғындардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және сауат ашу негіздері орыс,ағылшын тілінде сәлемдесу,заттық атауларды жаттату, математикалық ұғымдарды, сандық есептеу дағдыларын жетілдіру бағытында оқу іс-әрекеттері бойынша тәрбиешілер әртүрлі ойындарды ұйымдастыра білді. Бұл тұрғыда шығармашылық ізденістерімен танылды. Шығармашылық білім беру бағыты бойынша сурет салу, мүсіндеу, апликация, музыка өнері мен табиғи шеберліктерін таныта білді. «Астана» тобының мүшелері Л.Баймұратотова,Б.Омарова, С.Абутрапова,  Ұ.Асанова мен Г.Абдуалиевалар сайысқа белсене қатысып, бас жүлдені иеленді. Аталмыш топ сайыста «Тәрбиешінің бір күні» көрінісін өте керемет етіп, өз нақышына келтіріп, образға еніп сомдап шықты.

Сайысқа қазылық еткен аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Б.Үсейінова мен аудандық білім бөлімінің бас маманы Ф.Тұртанова жоғарыда аталған бес саланың мән-мазмұнына мән беріп,тәрбиешілердің өнерлеріне шынайы бағасын беріп қорытындылады.

Балабақша әдіскері А.Нұржанова мен музыка жетекшісі Г.Ахметовалардың ұйымдастыруымен сайыс жоғары деңгейде өтілді.

Балабақша меңгерушісі Д.Ахметова тәрбиешілердің еңбектерін бағалап, аудандық Алғыс хатпен және кәсіподақ ұйымының Құрмет мадақтамасымен марапаттады.

 

Асанова Ұлбосын Шымырбекқызы

 Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы

№28 «Алпамыс санаторлық бөбекжай» балабақшасының тәрбиешісі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.