Астана – бар қазақтың мақтанышы. Бүгінгі Астананы қазір әлем таныған футуристік қала. Ал, осыдан бірнеше ғасыр бұрын, ұлы ағартушы, бар қазақтың ұстазы саналатын Ыбырай Алтынсарин: «Өнер білім бар жұрттар, тастан сарай салғызды, Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызды» деп сол кездегі заман ырғағынан көш бойы қалып келе жатқанымызды айтып, қазақ халқының да бір күні басқа елдермен терезесі тең мемелекет боларына үлкен сеніммен қарағандай еді. Заман өтті. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген тұстан бастап, Қазақ Елі әлем елдерімен өз терезесін теңестіруді алдына мақсат етіп қойды. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1994 жылы ел астанасын Алматы қаласынан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс айтты. Бұл ұсыныс сол кездегі Үкімет пен Парламент мүшелері арасында қолдауға ие бола алмады. Бірақ, осы ұсыныс қабылданып, елдің астанасы тек 2000 жылдардан кейін ғана көшірілуі мүмкін деген ортақ тұжырым шығарды. Қазір барлығымыз Елбасының сол кездегі көрегендігін байқап отырмыз. Ал ол кезде тек қана арман, қиял еді… Осы орайда менің көзіме осы бір оқиға былай елестейді. Елбасымыз балаларға сабақ беретін ұстаз секілді. Ал сол кездегі халқымыз оқушы секілді. Ұстаздың айтқанын оқушылар бірден түсініп, осы жобаны іліп алып кетті. Өйткені, тоқсаныншы жылдардағы Қазақстанға өзгеріс ауадай қажет еді. Елбасының астанананы Ақмолаға көшіру идеясы барша халықты ұйқысынан оятқандай. Астананы көшіру идеясы ұлытымыздың ғана санасын жаңғыртып қана қойған жоқ. Бұл идея жалпы халықтық идеяға айналды. Қазақстанда тұратын 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің де жалпы мақсатына айналды. Халықты біріктірді, ұлт пен ұлысты ортақ идея аясында жұмылдырды. Қазақстанның тұрақтылығы, ондағы халықтардың достығы мен өзара татуылығын мен мектеп оқушыларының татулығымен салыстырар едім. Ұл-қыз, үлкен-кіші, ақ-қара, алғыр шәкірт және үлгерімі соншалықты жоғары емес оқушы – осылардың барлығы «МЕКТЕП» атты алтын бесіктің шаңырағының астында тату-тәтті өмір сүруде. «Астана» секліді біздің де ортақ мақсатымыз бар – шәкірттеріміздің болашақта дарынды тұлға болып қалыптасуы. Біз әртүрліміз бірақ, ортақ мүддеміз бір. Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» стратегиялық мақаласында Астананы көшіру идеясы халықтың сенімімен жүзеге асқанын да баяндайды. Ұстаз болу оңай мамандық емес, мен осы салада 34 жыл бойы еңбек атқарып келемін. Өзімнің өмірлік жолыма пара-пар мерзімде мен қарапайым мұғалімнен бастап, мектеп директоры лауазымына дейін көтерілдім. 30 жыл бойы үздіксіз бір мектептің тізгінін ұстап келемін. Осы аралықта көрген-білгенім, өмірлік тәжірибем – барлығы да елдің болашағы үшін, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында жұмсалған күш пен жігердің, төгілген тердің жемісі. Міне, ұстаз бен шәкірттің рухани сабақтастығының бірден-бір мысалы осы. Әрбір қиял қуған, арман қуған баланың бойына дұрыс сана қалыптасырып, сол сананың жетіліп, үлкен идеяға, өмірлік ұстанымға айналар шағында ұстаздың алар орны ерекше! Жоғарыдығы айтқандарымды қорыта келе, кез келген күрделі есепті шешу үшін белгілі формула пайдаланытыны сияқты замануи басшының өзіндік басқару ісінің табысты формуласы болмайынша, осындай ауқымды істің тізгінін ұстау мүмкін емес деп ойымды түйіндегім келеді. Бұл айтқандарымның барлығы менің басшылық қызмет жолындағы іс-әрекеттерім, ой толғанысым. |
Саметова Орынбасар Балмагамбетовна
Ақмола облысы
Қорғалжын ауданы
Шоқан Уәлиханов атындағы
орта мектебінің директоры