Home » Жаңалықтар » «Арылу» қоғамдық қоры ұстаздармен бірге

«Арылу» қоғамдық қоры ұстаздармен бірге

Ұстаз. Бұл атау қай заманда болмасын зор мақтауға, зор мадақтауға лайық. Сол ұстаздардың мәртебесі қандай, ұстаздардың жағдайы қандай? Міне биыл елімізде тың бастама болып жатыр. Елбасымыздың жолдауында көрсетілгендей қазіргі таңда ұстаз мәртебесін көтеру, ұстаздардың шығармашылық қабілеттері мен білімдерін жетілдіру жақсы жолға қойылып жатыр. Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін, оқушыларға сапалы білім беру мен бірге қағазбастылықпен де шаршамай шұғылдана білетін ұстаздардың қашан да жүгі ауыр. Осы бір ауыр жүктен шаршаған жүйкеге бір уақ болса да тың серпіліс беретін әлеуметтік оңалту «Арылу» қоғамдық қордың ұйымдастырған тренингінің маңызы зор. Бұл тренинг Қызылорда қаласындағы Баймұрат батыр ауылында орналасқан № 218 орта мектепте өтті. Тренингке осы мектепте қызмет жасайтын ұстаздардың басым бөлігі қатысып рухани тынығып, демалып қайтты.
Жалпы тренинг ұстаздарға не береді? Ұстаздар тренингтен не күтеді? Ағашқы сауалын осылай бастаған «Арылу» қоғамдық қордың директоры тренинг ұйымдастырушы Тимур Камаловтың сауалына ұстаздардың көбісі қазіргі таңда мектептегі түрлі жұмыстардың, қағазбастылықтың көптігі, ата-ана мен оқушы алдындағы ұстаз беделінің төмендігі педагог қауымның жүйкесіне тиетін ауырлық екендігін айта келе, тренингтен рухани тынығу күтетіндіктерін айтып ішкі сезімдерімен бөлісті. Одан әрі ұстаздар өз есімдерін атай отырып, есімдерінің тарихымен, мағынасымен таныстырды. Былайғы жұртқа қарапайым ғана көрінетін тренингте ұстаздар өз есімдерінің тарихымен таныстыра отырып, балалық шақтарын көз алдарына елестетіп,ата-аналарына деген сағыныштарымен ата-аналарын ренжіткен сәттерін, қателіктерін естеріне түсіріп, ішкі сезімдерін көз жастарымен шығарды. Бір сәт өздері ең жақсы көретін сөздерін айтып, бала боп жадырап бойларындағы шаршағыштықты, күйзелісті серпіп тастап күле де білді.
Тренинг барысында Тимур Камалов адамның мақсатқа жету жолында ішкі жан-дүние мен сананың бірігіп әрекет ету керектігін айта келе, адамдардың көбіне қателікке ұшырайтындығы бала-шағында мейірімнің көп бөлінбеуі не шамадан тыс артық болуында. Екеуі де өз деңгейінде болса, адам іші дүниесі қалаған нәрсені толыққанды ала алса мақсатқа жету жолында қателеспейтіндігі анық. Әр уақытта мейірім мен кешірім кез-келген адамды оң жолға түсуіне бірден бір себеп болады. Жүректі басқан ауырлықты мейіріммен, кешіріммен емдей білсек барлық адамдар бауырмал бола алады-деп ұстаздарды мейірім шуағына бөледі.
Тренинг соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісті. «Мен үжымдастарымды бүгін көріп, танып отырғандай болдым. Күнделікті сәлемдесумен ғана шектеліп қана қоятндығымды байқадым.Бір шаңырақ астында жүрсек те әлі бір-бірімізді жіті танымайды екенбіз.» -десе бірі «Бүгінгі тренингтен мен өзім рухани демалыс алумен қатар ата-анаға беретін тың жаңалық алдым.Енді осыны ата-аналарыммен бөлісемін», — деп ағынан жарылды.
Иә, расыменде ұстаздар ата-анаға да оқушыға да педагогикалық-психологиялық көмек бере алады. Ал, ұстаздарға кім береді? Міне сауалдың жауабы табылды.

 

                                                                                                         Анар Елеусізқызы,
Қызылорда қаласы,
«Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.