Home » Жаңалықтар » Аршалы ауданында жұмыспен қамту орталығы ашылды

Аршалы ауданында жұмыспен қамту орталығы ашылды

Ағымдағы жылдың 22 ақпанында Аршалы кентінде жұмыспен қамту орталықтарының қызметін жандандыру және маңызды әлеуметтік мәселелерді тез арада шешу үшін жаңа, қазіргі заманға сай «Халықты жұмыспен қамту орталығы» кеңсесі ашылды, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат бсқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл жаңа орталық ауыл тұрғындарына жұмыспен қамту, жұмыссыз азаматтарды тіркеу, жұмыссыз азаматтарға анықтама беру, жұмыспен қамту үшін жолдамалар, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, көшіруді, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, сондай-ақ, шағын несие беру және басқа да қызметтерді көрсетеді.

Сондай-ақ, халыққа ыңғайлы болу үшін жаңа орталықта электронды кезек, күту залы, консультанттар үшін арнайы жұмыс орындары, конференц-зал орналасқан.

Орталықтарды қайта құру азаматтарға қызмет көрсететін еңбек институттарын құруға мүмкіндік береді. Бұл жеке меншік сектор жұмыссыз азаматтардың кәсіптік бағдарлануына, олардың білімі мен жұмысқа орналасуына үлес қосатындығын білдіреді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.