Home » Поэзия » АРУЛАРДЫҢ МЕРЕКЕСІ КЕЛДІ БҮГІН

АРУЛАРДЫҢ МЕРЕКЕСІ КЕЛДІ БҮГІН

Абдикеров Нұржан
Рудный қаласы әкімдігінің
«№19 орта мектебі» КММ
11«А» сынып оқушысы

 

 

 

 

 

 

Барша ару мерекесі,
Келіп жетті бүгінде.
Шын жүректен құттықтаймыз,
Қыз-келіншек бәрінде.

Гүлдей жайнап, құлпырыңдар,
Әрқашанда арулар.
Күлімсіреп жүріңдерші,
Әсемденсін мына әлем.

Сіздер ғой тек осы өмірдің,
Ғажап мәні, сәні де.
Бұл ғаламда сіздер-сіздер,
Аяулысы әлемнің.

Бүгінгі бұл ғажап күнде,
Баршаңызға мол құрмет.
Бір күндік осы мерекеңіз,
Жалғассыншы мың күнге.

 

ҚАЗАҚ ЕЛІМ

Талай сынды өткеріп ең басыңнан,
Талай зұлмат өтіп еді басыңнан.
Бүгін міне, барша әлемге танылып,
Атың шықты мына сенің Қазақстан.

 

Жас ұрпақтар өсіп келеді бүгінде,
Қастерлейтін, құрметтейтін отанын.
Болашағың жарқын болар қазағым,
Өсіп келеді ұландарың, алашым!

 

Салт-дәстүрін ешқашанда жоғалмас,
Оны сақтар тәрбиелі қызың бар.
Атағынды шығаратын ерлер көп,
Жасай берсін, өрлей берсін ұландар!

 

Қазақ елім, өркендей бер мәңгілік,
Көркейе бер әсемденіп, гүлденіп.
Барша әлем тамсанып бір қарасын,
Ғажап елге мына өзіңдей қазағым!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.