Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры А.Бердалин, республикалық арнайы мониторинг басшысы А. Соловьева бастаған топ, Ақтау қаласының халық ең көп тұтынатын орындарын аралады.
Алдымен Ақтау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының қызмет көрсету орталығына барып, қызмет алушылар үшін жасалынған жағдайлардың жай күйімен танысты.
Танысу нәтижесімен жалпы кірістер басқармасының қызметіне оң баға берілді.
Себебі, облыс орталығында орналасқан мемлекеттік кірістер басқармасында қазіргі уақытта комфортты қызмет алу үшін барлық тұрмыстық жағдайлар жасалған.
Күту залында халық үшін ыңғайлы жағдай жасақталған, қызмет көрсету бөлігінде электронды кезек енгізілген. Электронды кезекті Қаржы министрлігінің комитеті арқылы басқаратын арнайы орталықтандыру бойынша шаралар қабылданған. Қызмет алушылардың қызмет алу барысында жақсы немесе жаман қызмет көрсеткендігі бойынша баға беру мүмкіндіктері қарастырылған.
Қосымша көліктер үшін асфальтті автотұрақ жасалған.
Бұдан басқа қызмет алушыларға қолайлы жағдайлар жасау үшін балалар ойнайтын алаңы дайындалған.
Сондай-ақ, орталықтандырылған салқындату жүйесі іске қосылған, өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштарында интернет желісіне қосылу мүмкіндігімен компютерлік көшіріп басу жағдайлары үлестірілген.
Қабылдау дайын құжаттарды беру секторлары өз алдына бөлектенген, көзге көрнекті информациялық стендттер орналастырылған.
Қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында мемлекеттік кірістер департаментімен бейне бақылау арқылы үнемі мониторинг жүргізілу енгізілген.
Екінші деңгейдегі бакнтердің терезелерінен бөлек түрлендірілген касса қойылған.
Сонымен қатар, аралау барысында, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдайлар жасау бойынша ұсыныстар берілді, оның ішінде, арбамен қозғалушы азаматтарға арнайы қызмет көрсететін орын бөлу қажеттігі айтылды.
Сонымен бірге, кеден ісі саласы бойынша қызмет көрсету орындарында бейнебақылау сандарын көбейту ұсынылды.
Келесі кезекте арнайы мониторинг топ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның Маңғыстау облысы бойынша филиалының Ақтау қаласы мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында болды.
ХҚКО қарау барысында мультикассадағы кезекте тұрған тұтынушылар санының көптігі байқалды.
ХҚКО басшылығы кезектің көптігін қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктермен жалдау шарты жасақталмауы себебінен деп түсіндіріп, бүгінгі күні құжаттарды рәсімдеу жүргізілу үстінде екендігі және жақын арада бұл мәселе шешілетіндігін жеткізді.
Бұған қоса, мониторингтік топ мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау қажеттігі жөнінде ұсыныстар берді, оның ішінде арбамен жүру жолындағы салқындатқыштың құрылғысының орнын басқа орынға ауыстыру ұсынылды.
Бұдан бөлек арнайы топ мүшелері күту залындағы кезекте отырған қызмет алушылармен кездесіп, пікірлерін тыңдады.
Әңгімелесу барысында қызмет алушылар арнайы топ өкілдеріне ХҚКО орталығының жұмысына және мемлекетпен қызмет көсрету саласы бойынша жүргізіліп жатырған саясатына оң бағаларын берді.
Осыдан басқа, арнайы мониторингтік топтың басшысы А. Соловьева қызмет алушылардың пікірлерін тыңдай келе, жүргізуші куәлігін жолғалтып алуына байланысты жүгінген кездегі қызмет көрсету мерзімдерін мейлінше оңтайландыру қажеттігі жөнінде, оның ішінде осы қызметтерді реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгеріс енгізуге ұсыныс беру туралы мәселелер көтерді.
Tagged with: ХҚКО