Home » Білім және өнер » Арманы асқақ — Аяжан!

Арманы асқақ — Аяжан!

Берік Аяж9q_-xlHqb08ан Нұрбекқызы Маңғыстау облысы,  Форт Шевченко қаласында дүниеге келген. Баутин кенті Жалау Мыңбаев мектеп – гимназиясның 2 – сынып оқушысы. Ол – оқу үздігі, білімге құштарлығы зор, тапқыр оқушы.

Аяжан 1-7 сынып оқушылары  арасында өткен Х республикалық «Зерде» конкурсына белсене қатысып, аудандық кезеңінде І дәрежелі дипломмен марапатталған. Өткен оқу жылында химия – биология секциясы бойынша «Шыбын» тақырыбында ғылыми жобаны қорғап шықты. Мектепішілік «Көктем» аруы сайысының 3-орын иегері.  Сонымен қатар, түрлі тақырыпта  өткізілетін шығармалар байқауына үнемі қатысып, жүлделі І-ІІ орындарға ие болып жүр.

Аяжан – жан – жақты оқушы. Бос уақытында би үйірмесіне қатысады, кітап оқиды.  Мектеп мақтанышы бола білген Аяжанның болашағынан ұстазы Баршагүл Күмісбекқызы зор үміт күтеді.

Арманы асқақ Аяжан, болашақта журналист болуды армандайды. Аяжанның тағы бір арманы Астанамыздың әсем ғимараттарын көру болатын. Ол арманыда орындалып, биылғы жазғы демалысында ата – анасымен, бауырларымен әсем қала Астанамыздың символындай болған бәйтерекке шығып, биіктен Елордамыздың көркемдігіне көз жүгіртті. Балабақшадан бастап ерекшеленіп өз алғырлығымен, сахналық қойылымдарда актерлік шеберлігімен көзге түскен Аяжанға болашақта тек биіктерден көрініп, жұлдызының жарқырай беруіне бізде тілектеспіз.

 

Омиржанова Гульзат

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.