Сабақтың мақсаты:
- Тақырып бойынша теориялық білімдерін қорытындылау, формулаларды пайдаланып арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесін және алғашқы n мүшелерінің қосындысын табу дағдыларын дамыту, есеп шығару бейімділіктерін қалыптастыру;
- Пәнге қызығушылықтарын арттыру, математика мен айналадағы өмірмен байланыстыра білуге, математика тілінде сауатты сөйлеуге, өз ойын ашық айтуға үйрету;
- Оқушылардың белсенділігін, ынтасы мен жауапкершілігін арттыру, сыныптастарын сыйлауға тәрбиелеу.