Екібастұз қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері «Жас Отан» Жастар қанатымен бірлесіп «Самрук Қазына» АҚ қаржыландырған «Жеңіс» жобасын жүзеге асыруға ат салысты. Жоба соғыс және тыл ардагерлеріне көмек көрсетуге бағытталды.
Аталмыш шаһардағы балалар үйінің тәрбиеленушілері 81 жастағы тыл ардагері Зубец Лидия Николаевнаның пәтеріне жөндеу жұмыстарын жасап, батыр кейуананың алғысын алды.
Акция қорытындысына орай өткізілген салтанатты жиында «Жас Отан» Жастар қанаты төрағасы Айбар Аргынов балаларды Мақтау қағаздарымен марапаттады.
Айгүл Молдаш
Білім айнасы
Павлодар қаласы