Home » Эссе » Ардагерге хат!

Ардагерге хат!

Құрметті Ардагер! Мен осы хатты сіздің Ұлы Отан соғысы кезінде жасаған ерлігіңізге бас ие отырып, балалық көңіліммен рақмет айту үшін жазып отырмын. Біз 9-мамырда — Ұлы Жеңіс меркесін  жыл сайын тойлап жатамыз. Мерекелік парадтар өтіп, мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылады. Көбіне біз осы мейрамды толық түсініп жатпаймыз.

Ал биыл мен үшін, менің құрбыларым үшін бұл мереке ерекше сезімде болды деп айта аламын. Өйткені, Ұлы Отан соғысында ерлік пен қайраттылықты көрсете алған батыр бабаларымыз туралы кинолар мен кітаптардан шығармаларды көп оқып, оларды анық біле бастадық. Сондықтан мен өзім Жеңіс күнінде Ардагер аталарымызға мың алғыс білдіре отырып, олардың қайсар ерліктеріне тағы да басымды иемін. Бізге бақытты күн сыйлағандарыңыз үшін рақмет айтамын.

Синдера Вивиен

Атырау қаласы химия-биология бағытындағы

 Назарбаев Зияткерлік мектебінің

7-сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.