Home » Эссе » Ардагерге алғыс!

Ардагерге алғыс!

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагері! Сіздің Отан алдындағы ғажап ерлігіңізді бүгінгі  егеменді елдің өрендері ешқашан ұмытпайды.

Әлемде мыңдаған соғыстың түрлі ауыртпалығы болса да, Сіз үшін Ұлы Отан соғысындағы жанқиярлық күресіңіз жадыңызда мәңгілікке сақталып қалады.  Өйткені бұл соғыста жеңіске жету үшін Сіз қиын жолдан өттіңіз. Біз бұл жасаған қаһармандық ерліктеріңізді кинолардан көре отырып, бойымызға батыл күш жидық.

Сіздер  Отан үшін, еліміздің жарқын болашағы біздер үшін, қайсарлықпен майданға атандыңыздар. Сіздің  арқаңызда қазір  аспаны ашық, жарқыраған  елде  бақытты өмір сүріп жатырмыз. Сол үшін, мен сіз және сіз секілді алып батыр аталарымызды мақтан етіп, басымды иемін!  Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды.

Ұлданай Тасқынбаева

 Атырау қаласы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің

7-сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.