Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деген болатын. Сондықтан сол елдердегі бар жетістіктер бізде де болуы керек, өйткені жаңа ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры.
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек.
Ол үшін, әрине, педагогтар біліктілігін көтеріп отыру қажет. Осындай мақсатпен қыркүйектің 18-нен, қазанның 10-ы аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында, «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері» тақырыбын жетпіс екі сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсынан өттік. Аралас оқу режиміндегі (blended learning) курсын тьюторымыз Саттибаева Рая Мажитовна өткізді. Ол кісі өз ісінің маманы. Бізге курстың басынан бастап жағымды қарым-қатынас жасай отырып, әдістемелік көмек көрсетіп отырды. «Бұл курста біз не білдік?» — деген сұраққа ойланбастан жауап беретініміз – онлайн режимінде, яғни қашықтықтан оқытудың қыр-сырын меңгеріп, заманауи әдіс-тәсілдерді үйрендік. Тағы бір жақсы жағы жұмыстан қол үзбей, курсты қоса алып жүріп, уақытты үнемдедік.
Курс бес түрлі модульден өтті. Әр модуль өз алдына маңызды және жеке-жеке ТӨЖ-дері (тыңдаушының өзіндік жұмысы) бар. Онлайн режиміндегі бірнеше сабақтарға қатысып, тәрбиешілер тәжірибесімен алмасуға үлкен мүмкіндік туды.
Курс барысында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәнін түсініп, білім беру жүйесін жаңартудың нормативтік-құқықтық негіздерін түсінуге, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мағынасын түсініп білдік. «Психологиялық – педагогикалық» модульде әдіскерлердің кәсіби қызметі тиімділігінің педагогикалық шарттарын меңгердік. Бұл жерде кәсібилік теория мен тәжірибелік оқу ұзақ мерзімді қажет ететін болғандықтан, осы курс теория жағынан өте тиімді болды.
«Мектепке дейінгі ұйымның жыл сайынғы жұмыс жоспарын таныстыру» тақырыбында жоба жазып қорғадық. Мұнда мектепке дейінгі ұйымның жылдық жұмыс жоспары мазмұны мен құрылымын, сараптамалық негіздей отырып, іс-номенкулатурасы туралы тәжірибемен ұштастырып, түсініктерімізді кеңейттік. Заман талабына сай заманауи педагогикалық технологиялық және балалардың ерте даму әдістемелермен (М. Монтессори, Н. Зайцева, Г. Альтшуллер, В. Воскобович, М. Ибука, т.б) танысып, біліктілігімізді көтердік.
Заманның көшімен ілесуді мақсат тұтып, онлайн режимінде курсты ұйымдастырып отырған «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ-ға алғысымыз шексіз. Біз бұл курста тек қана біліктілігімізді көтеріп қана қоймай, 2017 жылдың 26 қыркүйегінде педагогика аңызының авторы Шалва Амонашвили мен белгілі жазушы, педагог Паата Амонашвилидің «Отбасылық тәрбие өнері» атты бірегей авторлық семинарына қатысуға мүмкіндік алдық. «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының қызметкерлері курс тыңдаушылары – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 30 педагогіне семинарға қатысу мүмкіндігін сыйлады. Аз уақыт ішінде курстан үйренгеніміз, тыңдағанымыз алдағы жұмысымызға пайдасын тигізері анық. Осындай онлайн blended learning режиміндегі курсты барлық тыңдаушылар тез меңгеріп, уақытында тапсырмаларды орындап әрі онлайн режиміндегі сабақтарға қатысып отырдық. Барлық тәрбиешілер тест тапсырмаларын жоғары деңгейде тапсырып, берілген жобаларды уақытында сапалы қорғап шықтық. Бұл біздің тьютеріміз Рая Мажитовнаның педагог бойына білімді, кәсіби шеберлікті қалыптастырудағы құзыреттілігі деп білеміз.
Қорытындылай келе, осындай онлайн blended learning режиміндегі курсты ұйымдастырып, кәсіби құзыреттілігімізді арттыруға мүмкіндік жасаған «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ ұжымына алғыс айтамыз.
Китанова Толқын Каратаевна
№2 «Батыр» санаторлық балабақшасы КМҚК
Даирова Кулгайша Тлеубековна
КҚМК «Толағай» балабақшасы
Қарағанды қаласы