Байқаудың мақсаты:
- Жас ұрпақтың арасында ұлттық тіліміз бен ұлылардың ұлағатты сөздерінің тәрбиелік мәнін ұғындыру;
- Жастардың өнерге деген қабілеттерін дамытып, еліне, туған жеріне деген патриоттық сезімдерін арттыру.
Ұлы Абай:
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан
Надандар баһра ала алмас, — деп жырлаған.
Ал С. Торайғыров:
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім;
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін…
Байқаудың тапсырмалары: 1 кезең. «Сәлем – сөздің атасы»
( 3-5 минут)
Туған жерін, оқитын мектебін көркем ой, кестелі сөзбен суреттеу арқылы өзін таныстыру/ слайд-фильм, видеоролик пайдалану қажет/
- Аманов Алдияр №82 ЖББОМ
- Әубәкір Мақсат №15 ЖББОМ
3.Базаров Дархан №95МГ
- Жумагалиев Дастан №23 ЖББОМ
- Тоқсамбаев Ермек №65 ЖББОМ
- Сексембаев Алишер №97гим-назия
- Кончеганов Тимур №74ЖББОМ
- Шахметов Бекжан №27 ЖББОМ
- Мадияров Назармухаммед №77 ЖББ
- Медетбеков Аманкелді №25 ЖББОМ
- Бейсенбеков Мадияр №81ЖББ
- Амангелдиев Диас №101
- Саденов Камеш №59ЖББОМ
- Әділов Темірлан №2лицей
- Айтмұхан Олжас №54ЖББОМ
- Қажығали Шыңгыс №86ЖББОМ
- Каппаров Алдияр №58ОМ
- Какетаев Нурсултан №4 мектеп- интернат
- Батталов Елдос №16ЖББОМ
- Касенов Арман №93 гимназия
21. Есиркеп Алибек №35ЖББОМ
22. Айсабазов Жакангир №30ЖББОМ
2 кезең
1.Өркенің өссің десең,
Кекшіл болма —
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссің десең,
Өршіл болма —
Өскеніңді өшірерсің.
- Гүлі сұлу орманды
Сусатпағым келеді.
Жүзі жылы жандарды
Құшақтағым келеді
Атадан ұл туса игі
Ата жолын қуса игі..
«Даналық ойдан дән ізде» (3 минут)
Берілген тақырыптар бойынша мақал-мәтелдер айту
«Отан», «Туған жер», «Білім ғылым», «Ынтымақ-бірлік», «Еңбек», «Тіл өнері»
3-кезең
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма,
Бір елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма,
Көп қолдың ағасы бол!
Өзіңе-өзің кәміл бол!
Халқыңа әділ бол!
Жауыңа қатал бол!
Досыңа адал бол!- деген Төле би.
«Тарих айнасы » (3 минут)
Әйгілі жырау, дана би, абыз, қазақ ауыз әдебиеті шығармашылығының көрнекті өкілі – Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына 350 жыл, Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы – Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай шығармашылықтарына қатысты сұрақтарға жауап беру.
Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң, жауға найзаң тисін.
Бай болып елге пайдаң тимесе,
Батыр болып жауға найзаң тимесе,
Елден бөтен үйің күйсін!
«Ақылың болса, сөз тыңда» —
Әйгілі жырау, дана би, абыз, қазақ ауыз әдебиеті шығармашылығының көрнекті өкілі Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына 350 жыл, Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың шығармаларынан үзіндіні накышына келтіре, мәнерлеп жатқа оқу/үміткердің тіл байлығына, тіл мәдениетіне, дауыс мәнеріне, сахналық мәдениетіне назар аударылады./
Жігіттер өнер үйрен заманыңда,
Теңшілдік түгелімен өз қолыңда
Түрлендір шаруаңды, түс жарысқа,
Талабың алға басып тұрғанында.
«Жігітке жеті өнер де аз» — (2-3 минут)
ҚОЛЫНАН КЕЛЕТІН ӨНЕРІН ОРТАҒА САЛУ (ән айту, өлең оқу, күй шерту, терме айту, би билеу)
Ә. Тәжібаев: Туған тілім – тірлігімнің айлағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім – мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім – мен де бірге өшемін!-
Қорытынды.
Оқушыларды марапаттау.
К.Т. Мухамедкаримова
Қарағанды қаласы
№23 ЖББОМ