Home » Эссе » Ананың көңілі балада…

Ананың көңілі балада…

Анамның әжім баса бастаған жүзін көру ақ ұлпадай сағымға айналды!

Шығармамды әсем сөзбен әрлемей, өз сөзіммен баяндап бастағым келеді. Шіркін, қазақтың сөздері керемет емес пе? Деседе өз жүрегіңнен шыққан сөзге не жетеді. Бүгінгі тақырыпқа арқау болып отырған «Ана» тақырыбына кез келген адам қалам тарта алары сөзсіз.

Анашым! Анашым! Анашым!

Осы сөздерді қайта қата айту қандай керемет десеңші! Әрине мына жалған өмірде анаң тірі болса! Анам.Анам.Анам.

Шыр етіп жарық дүние есігін ашқан сәттен кішкентай жүзіңді, кішкентай қолдарыңды аялы алақанымен сипап, өбетін ең бірінші әрине ол-Ана! Осы бір үш әріптен тұратын жанның біз үшін аса құдіреті күшті, мейірімі мол, жүрегі кең екенін біреуіміз білсек, біреуіміз түсінбей келеміз.Жер бетінде бүкіл адамзатты дүниеге әкелген аналарымыздың еңбегін еселеп қайтарсақта аздық етеді. Аналарымыз бізді тоғыз ай құрсағында көтеріп, өсіріп бағып, мына қызығы мен шышығы көп өмірге дайындап шығаруы ерен еңбек емес пе? Әрине айтуға оңай! Деседе «Ананың қадірін балалы болғанда білерсің», деп бекер айтылмаған.

Мен қазір үш баланың анасымын. Жастайымнан ана мейіріміне қанбай, шөлдеп өстім. Себебі, анам жалғыз еді! Күні- түні тіршіліктің қамы деп еңбек етті. Үйге шаршап келіп, ас- суын зорға ішіп, әлсіреп ұйықтап кетуші еді.Анамыздың әжім шала бастаған жүзінен шаршау, уайым көріп өскен біздер үшін нағыз ана махаббатының қандай болатыны белгісіздеу болды. Барынша анамызды ренжітпеуге тырысып, сол кісінің жабырқау күйін көрмес үшін тәртіпті болуға тырысатынбыз. Әрине бала емеспіз бе? Кей кезде бұзықтық жасап, анамыздың ашуын келтіретін күндерімізде болды. Өмірінің аз уақытында тек күйбең тіршілік, қиын қыстау күндермен өткізген анамды қазіргі күнде енді түсінудемін. Байғұс анам біз үшін шырылдап, жарғақ басы жастыққа тимей қайтсем осы балаларды жеткіземін деп, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылғанын сол кезде ұқсамшы. Бала емеспін бе анамның әкелген киім кешегін кимеймін деп қиғылық салып, әуре сарсаңға салып, анамды базарға қайта апрғаным есіме түссе қатты жабырқаймын, мұңаямын. Әттең, бәрі кеш! Анам сол күйкі тіршілікпен бір сәттік қуаныш, бақыттың дәмін сезбеген күйі о дүниелік болып кете барды. Артында шулаған төрт балапаны шырылдап қала берді. Қаңтар айының қақаған аязында сұм ажал анамды алып тынды.

Анамның асқақ армандары, ойлаған мақсаттары орындалмай бүкіл жан дүниесі алай дүлей- күйде о дүниенің есігін ашты. Жоқ, жо жоқ біздер бармыз, ұрпағы бармыз.Атын да, затын да өшірмей, арына дақ түсірмей өніп өсіп біз келеміз. Бүгінде анамның бес перзенті оқыған көзі ашық азаматттар мен азаматшалар болып өсіп, отбасылы тұрмыс кешуде. Анашымның жүзі мәңгі есімізде! Бүгінгі шығармамды анама арнаймын! Өз анама!

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.