Ғалымов Нұрбек
Талдыбұлақ ЖОББ мектебінің
6-сынып оқушысы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ескене ауылы
Анам – сенсің, туған жер!
Туған жер, шіркін, ғажап қой! Әрқашан өзіне тартып тұрады, жатсынуды білмейді. Ғажап екеніне мысал, туған жер туралы жырламаған ақын жоқ шығар. Себебі, ол – сенің екінші анаң. Қайда барсаң да сағынасың, барған жеріңнен тез қайтқың келіп тұрады, өйткені туған жер әрқашан да ыстық.
Менің ауылым – Ескене, ол маған ыстық, себебі мен ол жерде туып, топырағына аунап-қунап, мөлдір таза суын ішіп өстім. Туған жердің құдіреті-ай, шіркін! Біздің ауыл – берекелі, ынтымақты ел, біздің ауыл кішкентай ғана болғанмен, адамға қажетті барлық жағдай жасалған: күмбезі көк тіреген мешітіміз бар, кітапханадан кітап алып оқимыз, мәдениет үйінде әр түрлі іс-шаралар өтеді, халық іздегенін алатын шағын «Ауылым» дүкені, ауылға мен мұндалап алыстан көрік беріп тұрған 2 қабатты мектеп… Біз осы білім ордасында білімді, ізденгіш ұстаздардан оқимыз.
Біздің ауыл адамдары шетінен ақкөңіл, кеңпейіл, қыздары иманды да ибалы, ұлдары шетінен өжет, намысшыл. Анамдай болып кеткен туған жерге деген ықыласымды өлеңіммен түйіндемекпін :
Ескене – менің тірегім,
Ескене – менің жүрегім,
Ескене – менің ауылым,
Сүйемін қонақжай қауымын!