Ұстаз-ардақты, қадірлі, қасиетті есім. Мұғалімді атағанда алдымен уәдеге берік өтірікке жаны қас әділ, шыншыл, сыпайы, қарапайым, қайырымды, кішіпейіл, ақкөңіл, елгезек, мәдениетті жанды көз алдымызға елестетеміз.
Міне менің ұстазым Қожамұратова Ләззат апай осы айтылған барлық қасиеттер шоғырланған тамаша мұғалім.
Ұстаз мейірі мен ана мейірі –егіз деген қазақ халқы .Мен өз ұстазымды өз анамдай жақсы көремін және құрметтей білемін. Ұстаз әрбір адамға екінші анасындай жақын болуы тиіс менің ойымша,ұстазбен оқушы , бір-біріне жіпсіз байланғандай, бір-бірінен ұзап кете алмайды.
Менің ұстазым өзінің жұмысын жауапкершілікпен орындайды. Мен өз ұстазымды үлгі тұтамын, келешекте оның үмітін ақтаймын деп нық сеніммен айта аламын.
«Ақылшым ұстазым»
Даналығы білімімен ұштасқан,
Жүзінен күн шуағы нұр шашқан .
Ұстазым бар теңдесі жоқ дара жан,
Құрметтейді шәкірттері із басқан.
Берген білім тәрбиесін ақтаймыз,
Көрінеміз асу белес биіктен.
Мақтан тұтып, мектебіміз іргесін,
Еліміздің көтереміз көк туын.
Әбдімұхамбет Қарлығаш,
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Сайрам ауданы, Әсіларық ауылы
Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы орта мектептің
2Б сынып оқушысы