«Шет жүрсем сағынарым,
Жабықсам шағынарым.
Анашым, бір өзіңсің — табынарым…» деген өлең жолдары менің анашыма арналып айтылғандай. Шыр етіп, өмірге келгеннен бастап, анашым мен үшін ең жақын, ең әдемі, ең ақылды адам. Мен үшін түн ұйқысын төрт бөліп, мені аялап, мәпелеп, өсіріп келеді.
Анашым барда мен ештеңеден қысылмаймын, қиындықтан қорықпаймын. Ол мені еркелетеді, қамқоршым болып, қуансам да, мұңайсам да қасымнан табылады.
Анашым, Сіз әрқашан аман болыңыз! Ауырмай, сырқамай, қасымда ұзақ өмір сүріңіз! Мен сіздің аналық махаббатыңызды, мен үшін жасаған бар еңбегіңіздің титімдей бөлігін болса да, ақтауға тырысамын.
Айтолқын ЖАЙЛАУОВА,
№11 мектептің 4 «Ә» сынып оқушысы,
Павлодар облысы,
Екібастұз қаласы