Сабақтың мақсаты: Американы қоныстану мен игерудің тарихи кезеңдері туралы білім беру. АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайының басты ерекшеліктерін ашу; Мемлекеттің тарихы, геосаяси жағдайының әлемде алатын орнын анықтау.
Сабақтың көрнекілікі:
- «Американың қоныстану және игерілу кезеңі» карта
- «Еуропалықтар келгенге дейінгі Америкада үндіс тайпаларының қоныстануын» атты сурет.
- АҚШ-тың физикалық-экономикалық картасы.
Сабақтың түрі: Ізденіс, диспут түрінде өткізу.
Сабақтың барысы: Өткен тараулар бойынша картадан Еуропа, Азия елдеріне шолу жасау.
- Еуропаның жоғарғы дамыған елдері
- Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері
- Шығыс Еуропа елдері
Бүгін батыс шардағы Америка елдерін бастаймыз. 7-ші сыныпта «Материктер мен мұхиттар» георафиясынан Америка дүние бөлігін оқығанбыз, сол білімімізді әрі-қарай жалғастырамыз. Оқушылар 4 топқа бөлініп отырады.
І. ІІ топтар Америкаың өткені ІІІ, V топтар бүгінгі Америка
АҚШ-тың басты 5 ерекшеліктерін тауып өтейік.
- Федерациялық республика. 50 шаттан тұрады.
- АҚШ-тың символы «Бостандық статуясы». Туы
- АҚШ-та 3 ірі мегаполис бар.
А) Солтүстік-Шығыс мегаполисі «Босваш»
Б)Көл маңы мегаполисі «Чипитс»
В)калифорния мегаполис «Сан-сан»
4.АҚШ – дүние жүзіндегі аса ірі мемлекет.
5.Америка доллары дүние жүзіндегі тұрақты валюта.
Американың өткені Бүгінгі Америка Қоныстану тарихы ЭГЖ жерінің ауданы. Мемлекет Құрылымы, халқы АҚШ Мемлекет тарихи жағдайы
Геосаяси жағдайы. Табиғаты.
Слайд бойынша оқушылар өздері дайындап келген мемлекеттерді айтады. Еуропалықтар келгенге дейінгі тіршілік еткен тайпаларға тоқталады. (Ақтекир, майя, иекиер) ХVI ғасырда еуропалықтардың Американы жаппай және жедел отарлаудың басталуы. Еуропалықтар келгенге дейінгі Үндістер саны 40 млн адам болған. Отаршылар олардың байлығын ғана тартып алған жоқ, сонымен қатар ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мәдениетіде, тереңде кеменгер философиялық аяқ асты етті.
XVI ғасырдан бастап миллиондаған Африкалықтар тасыла бастады. Ұлан-ғайыр помещиктер жер иеліктері Латифундияларда құл еңбегі пайдаланылады. Осылайша шаруашылықтың бұрын-соңды болмаған жаңа саласы плантациялық шаруашылықтың негізі қаланды.
Еуропалық отарлау Американың мәдени-географиялық сипатын да түбегейлі өзгертті. Мұнда нәсілдер мен халықтардың бұрын болып көрмеген араласып жүріп, мүлдем жаңа этностық топтар қалыптасуы. Еуропалықтар мен Үндістер некесінен Метистер, еуропалықтар Африкалықтар некесінен Мулаттар, Африкалықтар Үндістер некесінен Самбо деп аталатын ұрпақ дүниеге келді. Америка аумағының игерілуі және қоныстану ерекшеліктеріне орай, екі тарихи – георафиялық аймаққа бөлінеді. Ағылшын – отарлары басым болған солтүстікте Ағылшындық Америка, ал латын тілді отарлаушылар (искандармен португалдар) басым болған орталық және оңтүстік Американы қамтитын Латын Америкасы деген аймақтар пайда болды.
АҚШ
— жерінің ауданы – 9 млн 363 мың км²
— халқы – 290 млн Адам
— астанасы – Вашингтон
— мемлекеттік құрылымы – федерациялық республика
— мемлекет басшысы – президент
— заң шығарушы органы – конгресс с
— мемлекеттік тілі – ағылшын тілі
— ұлттық валютасы – Америка доллары
— әкімшілік – аумақтық бірлігі – штаттар және федерациялық округ
ЭГЖ АҚШ аумағының негізгі бөлігі Солтүстік Америка материгінде орналасқан, сондай-ақ Тынық мұхиттағы Гавай аралдары да елдің құрамдас бөлігі болып табылады. АҚШ жері бес сағаттық белдеуде жатыр: мұнда Б→Ш-қа қарай тынықмұхиттық, таулық, орталық, шығыс және атлант мұхиттық уақыт ажыратылады. Елдің қолайлы деп бағаланатын экономикалық –географиялық жағдайының басты ерекшеліктері айтылады.
Геосаяси және табиғат жағдайлары слайд бойынша айтылады. АҚШ жеріндегі табиғат арналары.
Торнадо – елдің жазық болып келетін орталық бөлігінде ауаның қортынды алмасуы нәтижесінде болатын күшті желдер мен құйындар. Ұлы көлдер шоғырланған аймағын АҚШ-ттың «үшінші теңіз жағалауы» деп атайды. АҚШ-тың жері табиғи ресурстарға бай. Әсіресе минералды шикізат түрлері кең таралған.Барлау жұмыстарының нәтижесінде 30-дан астам штаттың аумағында көмір өндіріледі.
АҚШ энергетикалық ресуртарға да бай. АҚШ өзендерінде энергиясының аса ең мол қоры бар. Ең ірі СЭС тізбектері Теннеси және Колумбия өзендерінде салынған. Әлемдегі ең ірі станция Гранд-Кули ст.Колумбия өзенінде . Кейінгі кезде Энергияның дәстүрлі емес көздері пайдалануда.
АҚШ гемостанциялары қуаттылығы жөнінен дүние жүзінде теңдесі жоқ.
АҚШ-та геотермалды станциялада жұмыс істейді. Калифорниядағы гейзерлер аңғарында салынған.
Калифорния штатындағы сеңгір таулардың беткейінде жел күшін пайдаланып жұмыс істейтін дүние жүзіндегі ең қуатты электр станциялары орналасқан.
АҚШ мен Қазақстан арасындағғы экономикалық байланыстар.
«Сандар сөйлейді» слайд. 4 топқа сандар жазылған карточкалар таратылады. Оқушылар оқулықты. Картоны пайдалана отырып осы сандарды анықтайды. Әр топтан бір оқушы шығып жауап береді.
«АҚШ» – әр топқа жекелеме тапсырмалар карта және сиқырлы сақиналар арқылы 10 штатты атап, жазулар қажет.
Сабақты бекітуді әр топқа Солтүстік Американы 4 бөлікке бөлінген кескін картасы таратылады. Кескін картаға оқушылар георафиялық атауларды түсіреді, тақтаға шығып түсіндіреді.
ЕНТ-да Америка тақырыбы бойынша кездесетін сұрақтарға тоқталу.
Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма.
Құрмаш С.Б.,
Петропавл қаласы, СҚО
Ж.Тәшенов атындағы № 20 орта мектептің
география пәнінің мұғалімі