Home » Айтарым бар » Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оқытудың оңтайлы әдісі – ойын.

Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оқытудың оңтайлы әдісі – ойын.

Ересек адамдардың ісі, жұмысы, қызметі секілді ойында бала өмірінде маңызды болып саналады. Бала ойында қандай болса, ол өскенде сондай адам болады.

А.С.Макаренко

XXI ғасыр табалдырығын біліммен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатында аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбиемен білім беру бүгінгі күннің талабы.

Әлемде кең тараған тіл – ағылшын тілі. Тіл білу көптік етпейтіні ақиқат. Себебі, көптілді меңгерген жастардың алар белестері биік. Үштілділік – заман талабы.

Тұлғаны көптілді меңгеруге, өзін-өзі әлеуметтік билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті қалыптастыру. Бүгінде ағылшын тілді мамандарға ерекше мән берілуде. Енді көптілділікті техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында халықаралық стандарт деңгейінде тиімді ұйымдастыру үлкен мәселе. Оның жүзеге асырылуына Елбасы Н.Назарбаевтың «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасы септігін тигізіп отыр.

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың белсенді қатысуын және ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсіл түрі ерекше орын алады. Ойын – оқушылардың шығармашылығы мен ой – өрісін дамытушы фактор. Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығына тіл қорына сай болу керек. Ойын кезінде әсіресе жасөспірімдердің қабілеттері толығымен байқалады. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Ойын түрін дұрыс өткізілген сабақта оқушылардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуіне бағыт береді, іздену дағдысын қалыптастырады. Ойын – не айту, не істеу, қалай жеңу керек деген сияқты шешімдерді қабылдауына көмектеседі. Осындай сұрақтарды шешуге талпыну арқылы ойыншылардың ақыл-ой әрекеттерін дамытады. Ойын балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятады және оқушылардың зейінін, ойлау қабілетін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойын ұғымына түсінік берсек, бұл оқушының мінез құлқына өзі басқару мен қатар топпен жұмыс жүргізе білу әрекеті, оқушылардың бір-біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады. Сондықтан бағдарлама бойынша оқыту үрдісінде ойын түрлерін сабақта үнемі пайдаланып отыру керек. Ағылшын тілі пәнінде көбіне грамматикалық ойындар, танымдық ойындар қолданылады. Ойын тілді төмен деңгейде немесе жеткіліксіз меңгерген оқушылар үшінде мүмкіндік береді. Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, рөлдік ойындар оқушының зейінін, ойлауын, қиялын қалыптастырады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанаттандыра алатындығын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Aл, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін дамытады. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде сабақта пайдаланылатын танымдық ойындар жан-жақты дамытып білімді толық меңгеруіне көмектеседі. Ойын жас ерекшеліктеріне сәйкес таңдалады. Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді:

  1. Үстел үсті ойындар
  2. Дидактикалық ойындар
  3. Қозғалыс ойындар
  4. Іскерлік ойындар
  5. Интеллектуалдық ойындар.
  6. Үстел үсті ойындары.

Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта үстел үсті ойындарын топтық, дара жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман, қима қағаздарында немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.

  1. Дидактикалық ойындар.

Оқушылардың таным белсенділігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар оқу материалын қызықты да тартымды әрі көңіл күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.

  1. Қозғалыс ойындары.

Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық алаңда да өткізе аламыз.

  1. Іскерлік ойындар.

Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйренеді.

  1. Интелектуалдық ойындар.

Бұл ойындар оқушылардың зор белсенділігін оятады. Бұл категорияға ұтымтылдыққа, зеректікке, жүйріктікке бейімделген тапсырмалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады.

Кез-келген ойынды қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек:

  • Мектепте әр-түрлі ойындарды ойнаған бала шығармашылыққа дайын;
  • Ойын, оның түрі, мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы;
  • Жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді;
  • Ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланыста болуы.

Қорытындылай келе, ойын оқушылардың таным белсенділігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Сабақ барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана мұғалімнің сабақ мақсатына жетуіне мүмкіндік береді.

Бала ұлт болашағы, қоғамның әлеуметтік байлығы, біз олардың адамзаттық жоғары парасаттылығын, ақылдылық пен білімділігін, адамгершілік негізін қалыптастыра білуіміз керек.

 

  Омарова Пану Кайрановна,
Алматы қаласы, Алатау ауданы
№ 179 жалпы білім беретін мектеп
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.