Жуырда Павлодар облысы Май ауданының Е. Мұқашев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде қамқоршылар күніне арналған мерекелік шара өтті. Қамқоршыларға аудандық мекемелерінен мамандардың қатысуымен ата-анасының орнын басатын отбасыларындағы бала тәрбиесімен айналысып, проблемалық жағдайлар шешімі бойынша қамқоршылардың көзқарасын зерделеу мақсатында алғыс білдіру консультациялық сағат ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан әкімі А. Қаңтарбаев қатысушыларды құттықтап алғысын білдірді. Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен демеушілер тарапынан қамқоршыларға сый-сияпаттар табыс етілді. Жылулыққа толы өткен салтанатты шарада балдырғандар қатысушыларды концерттік бағдарламамен қуантты.
Л. Жүнісбекова
Білім айнасы,
Павлодардан