Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру мәселесі түзету-әдістемелік педагогика – психолгиясының заманауи даму тенденциясына айналды. Бұл әдістің басты мақсаты психикалық дионтогенездің салдарын жою барысында балаға көмек көрсетудің қажеттілігінен туындап отыр.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыста ең бірінші орында оларды әлеуметтендіру мен қоғамдағы орны. Өйткені, бала өсіп – тәрбиеленетін орта, қоршаған әлеуметтік ортасы, оның даму жағдайымен қайнар көзі. Ол ортаға бала қарым – қатынас арқылы ене алады. Ал, қарым – қатынас жасаудың екі түрі: вербальды, яғни сөзбен және вербальсіз, яғни қимыл – қозғалыс, эмоция, жест, мимика арқылы. Вербальді қарым – қатынас түрін қолданбайтын балалар қатары бар, мысалы: Даун синдромы, БЦСА (ДЦА), ЕБА (РДА), психикалық бұзылыстары бар және тағы басқа.
Қарым – қатынас дағдыларының бұзылысы – бұл баланың таным қабілеттерінің дамуына айтарлықтай кедергі келтіреді. Ата – аналар ең бірінші баланың сөйлеу тілінің дамуына мән бергендіктен қарым – қатынас дағдыларының дамуына аса назар қоймайды, соңында таным қабілеттерінің баяу дамуынан немесе дамымау салдарынан балада сөйлеу қабілетінің баяулауына алып келеді. Себебі, таным қабілетінің төмендеу салдарынан баланың түйсігі, сөзді түсіну қабілетінің дамуы баяулайды. Бұл жағдайда мамандарға баланың қарым – қатынас дағдыларын дамытуға арнайы құрал қажет болады. Осы орайда назарда ұстайтын ең басты мәселе, қарым-қатынас – ол тек сөз емес екендігін түсіну. Адамды түсуіну мен өз ойын жеткізуге арналаған сөзден де басқа қосымша ресурстары бар. Барлық адамдар ойын толық жеткізу барысында қиындықтар туындаған жағдайда, бұл ресурстардың (жазу, жест арқылы, суреттер, жүйелі таңбалар, белгілер) көмегіне жүгінеді. Бұл қосымша ресурстар қарым – қатынастың вербальді түрін қолданбайтын балалар үшін, тілегін, қажеттілігін, сезімін жеткізудегі керемет құралы. Конфуций: «Бақыт – ол сені басқалардың түсінуінде», — деген. Психологиялық тұрғыдан қарағанда вербальді емес қарым – қатынас түрін В.А. Лабужская өз жұмыстарында, қоғамға бейімделудің неғұрлым табысты жолы ретінде қарастырған. Бұл жөнінде 1930 жылдары Л.С. Выготский, вербальді емес қарым – қатынас түрі, тіл кемістігінде терең ақаулығы бар балалар үшін даму мен әлеуметтенудің «шұғыл шешімі» болып табылатындығын айтқан.
Біздің, «UMC» Балаларды оңалту ұлттық орталығында, дыбыстық сөйлеуді қарым – қатынаста қолдану, оны түсіну қабілетінің шектелуіне алып келетін, яғни, Даун синдромы, есту қабілетінде, қимыл – қозғалысында, интеллектуалды дамуында, психикалық және эмоционалдық бұзылыстары бар балалармен альтернативті қарым – қатынас әдісінің элементтері табысты пайдаланылуда. Біздің орталық, мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтудың барлық аспектілеріне қатысты кең ауқымды тәжірибесі бар мамандармен, арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, орталықта оңалту қызметін алу барысында мектеп бағдарламасы да жүргізіледі. Халықаралық «JCI» стандартына байланысты біздің, «UMC» Балаларды оңалту ұлттық орталығында, оңалту іс – шарасы, науқастың әлеуметтік мәртебесіне, ұлтына, ана-тіліне, психофизиологиялық ерекшеліктеріне қармастан сапалы медициналық және педагогикалық оңалту шарасын алуға мүмкіндік береді.
Альтернативті (балама) қарым-қатынас – ол сөз қолдану арқылы өз ойын толық, қанағаттандырарлықтай жеткізе алмайтын адамдар үшін қарым – қатынас жасау түрі. Альтернативті қарым — қатынас әдісінің ең басты қағидасы: «Адам өз қалауын жеткізу үшін шамасы келетін әдісті және жылдамдықты қолдануға мүмкіндігі болуы қажет».
- Альтернативті қарым-қатынас түрін, әрдайым, әрқашан қолдануға болады
- Альтернативті қарым-қатынас түрін, сөзді уақытша алмастыруы үшін қолдануға болады
- Альтернативті қарым – қатынас түрін, сөйлеу тілін жақсарту үшін көмекші әдіс ретінде қолдануға болады.
Жалпы бұл қарым-қатынас түрі сөздің пайда болуын және сөйлеу тілінің дамуына септігін тигізеді. Қосымша белгілерді пайдалану абстракті ойлау мен символикалық қызметті дамыта отырып, түсінік пен ауызша сөйлеудің дамуына ықпал етеді. Альтернативті қарым – қатынас түрін қажеттілігі бар кез – келген адам қолдана алады.
Альтернативті құралдар — сөйлеу тілінде бұзылушылығына байланысты қарым-қатынас қабілеті шектеулі балалардың әлеуметтік деңгейін көтеру, өмір сапасын жақсарту, өзін – өзі бағалауын дамыту және өзін толыққанды тұлға ретінде сезінуге мүмкіндік беру.
Альтернативті қарым – қатынас әдісін қолдану барысында ең басты назарда:
-Қолданылатын жест — оңай орындалатын, қарапайым, түсінікті болуы;
— Символдық жүйені пайдалану кезінде, баланың смиволдың немесе суреттің көмегімен сұрақтарға жауап бере алатындығын түсінуі;
«UMC» Балаларды оңалту ұлттық орталығында бес жылдық тәжериебеме сүйене отырып, оңалту іс-шараларын ерте жастан бастаған жағдайда, оңалту үрдісіндегі түзету – дамытушылық жұмыстар барысында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге болатындығын айта аламын. Сондықтан, балаға түзету — дамыту шараларын жүргізу үшін, белгілі бір жасқа келгенде бастау керектігіне сүйенетін мамандармен мүлдем келісе алмаймын.
Сөйлеу тілінде бұзылыстары немесе кешігулері бар балалармен оңалту іс – шараларын жүргізу барысында, менің психолог маманы ретінде міндеттерім, ең алдымен баланы әлеуметтендіру және қарым – қатынас дағдыларын дамыту болып табылады. Осы орайда мен, альтернативті қарым-қатынас әдістің нәтижесін тек мен ғана емес, сөйлеу тілінде бұзылыстары немесе кешігулері бар балалардың ата-аналары да байқауда. Әр балаға жүргізілетін дамыту-түзету шаралары психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты жеке таңдалып алатындығы айтпаса да белгілі. Сонымен қатар, әр науқстың диагнозына байланысты альтернативті қарым-қатынас түрін пайдалану кезінде баланың жақын аймағына, яғни, интеллектуалды дамында ақаулығы бар балаларды өз – өзіне қызмет көрсету дағдыларын эмоциялық аумағын жақсартатын орта жасау (релаксация) арқылы, қимыл-қозғалысында шектеулері бар балалардың таным үрдістеріне әсер ете отырып (көп жағдайда интеллектуалды сақталған болғандықтан) дамыту қажет.
Заманауи ғылымның айтуынша, балық түзету – дамытушылық шаралары жемісін береді, бірақ сол нәтижеге жетудің алуан түрлері бар. Альтернативті қарым-қатынас әдісі жоғарыда айтылып өткен аспектілермен қатар, баланың оқуға бейімдігін арттыру мен қатар, өз қабілеттілігіне сенімін, өзін-өз жүйелеуін қалыпсатырады.
Қолданылған әдебиеттер:
- Выгодский. Л.С. Проблемы дефектологии. М:Лабиринт,1999.
- Заречнова .Е.А. организация социально-бытовой среды, способствующей реализации потенциальных возможностей детей с множественными нарушениями развития. Дефектология, 2010- №3.
- Рыскина В., Лазина Е. Коммуникация с помощью картинок – «эвричайлд», 2010
- Штягинова Е.А. Альтернативная коммуникация. Новосибирск — 2012
«UMC» Корпоративті қоры «Балаларды оңалту ұлттық орталығы» , түзету – әдістемелік бөлімінің II- санаттагы психологы : Ешжанова Ботагоз Эркиновна
Электронная почта:bota_87.87@mail.ru
Бұл мақала балалардың бойындағы сөйлеу тілде, қарым – қатынас дағдыларында бұзылыстар мен кедергілерді альтернативті қарым-қатынас әдісі арқылы түзету тақырыбы қарастырылған.
В этой статье обсуждается тема коррекции речевых и коммуникативных навыков детей с использованием методом альтернативной коммуникации.
Ешжанова Ботагоз Эркиновна,
Корпоративный фонд «UMC» Национальный центр детской реабилитации,
психолог II-категории коррекционно-методического отдела