Home » Балабақша » Алтын күз

Алтын күз

ертеңгілік

       Әдемі етіп безендірілген ән бөлмесіне, балалар әдемі әуенмен кіреді. Шаршы шеңбер болып тұрған орындыққа балалар жайғасады.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме қонақтар, балалар! Бүгінгі «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастай отырып, сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір тілейміз.

Армысыңдар, халайық,

Бармысыңдар, халайық!

Күзгі тойды қарсы жұп жазбай

Келіңдер қарсы алайық.

 

Енді балалардың тақпақтарын тамашалаңыздар.

 

Қуандырып біздерді

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

 

Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап

Тамшы жерге төгілді.

 

Құстар қайтты ән салып,

Бұлт торлады аспанды.

Күз келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

 

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей.

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей.

 

Ән: «Күзгі жапырақ» әнін қабыл алыңыздар.

Көңілді әуенмен күз ханшасы кіреді, ән бөлмесін айналып балаларға қарайды.

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Күз ханшасы бізге қонаққа қош келіпсіз, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Күз: Сіздің балалар өте әдемі балалар екен, киімдері қандай әдемі. Балалардың тақпақтарын тамашалаңыздар.

Ақтілек: Осень славная пора

Любит осень детвора.

Груша, слива, виноград

Все поспела для ребят.

Мансур: Листик клена на лодошку

Потихоньку упадет.

Это осень золотая

По дорожке к нам идет.

Наурыз: Что за время года,

Дождик моросит.

Это просто осень

В детский сад спешит.

Ғалымжан: Наспупила осень

Пожелтел наш сад.

Листья на березе

Золотом горят.

Ән: «Күз келгенде» әнін қабыл алыңыздар. Күз ханшасы ойын ойнатып, жұмбақ жасырады.

Күз ханшасы: Балалар, өздерің тапқыр балалар екенсіңдер, жұмбағымды шештіңіздер.

«Анашым» әнін қабыл алыңыздар, орындайтын – Бағытова Ақтілек.

Дина: Жайдарлы күз, жарқын күз.

Аяулы күз, Алтын күз,

Дәнге толып кең далам,

Дариядай шалқар күз.

Қайсар: Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр түседі.

Ғабиден: Қамба толы астыққа

Алғыс саған, алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та

Қап-қап қауын алдық біз.

Мағжан: Ел егінді жинайды,

Қырманға дән симайды.

Біздің дала – бай дала,

Алтын астық айнала.

Мансур: Астық, жеміс жинайды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз, мың алғыс,

Алдық өнім – сыйыңды.

Раман: Алтын, сары, қызыл, көк.

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақша күлімдеп,

Көз тартады атырып.

Би: «Испан биі» — Ақтілек, Гүлназ, Гүлмира, Камшат.

Ойын: «Көкөністер мен жемістерді ажырату».

Тақпақтар:

Бақтығали: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Дина: Сыйлығыңа ризамыз.

Мерейлі күз, мырза күз,

Аппақ арай таңында

Шомыламыз нұрға біз.

Ақгүл: Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз.

Жиып-теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз.

Күз ханшасы: Ал, балалар, мен кетуім керек. Басқа да балабақшадағы балаларды «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймын. Қош, сау болыңдар!

Жүргізуші: Көп-көп рахмет! Қош, сау болыңыз, Күз ханшасы!

Ән: Бақша әні.

Би: Жұп биі.

Жүргізуші: Осымен «Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

Ұ.С. Қаржаубекова

№2«Жанар» балабақшасы,

тәрбиеші

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.