Home » Жаңалықтар » Алтын жүректі анамыз

Алтын жүректі анамыз

 Жаңақорған кентіндегі №56 қазақ орта мектебінде 5 ақпан күні бастауыш сыныптар арасында өзін-өзі тану пәні мұғалімі Бейсенова Ұлбаланың ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндікте «Алтын жүректі анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты балалардың шығармашылығын шыңдау өз өнерлерін ортаға салу. Өздері және өзгеде авторлардың өлеңдерін нақышына келтіре орындау мақсатынды ұйымдастырылды. Бала бойына рухани құндылықтарды дарыту. Сайысқа 1-4 сыныптардан 21 оқушы қатысып бақтарын сынады. Сайыстың бірініш кезеңінде өздеріне ұнаған Ана туралы өлең жолдарын мәнерлеп оқыды. Атап айтар болсақ 1а-сыныбынан Балтабай Бақдәeлет, 1″б»-сыныбынан Искакова Айнара, Ысқақ Ақжан, Ысқақ Айжан, Бектұрған Қазына, 3а-сыныбынан Мұратбекқызы Дильназ, Айдарқызы Айгерім, Нәжім Аружан, Әшірбай Мағжан, 3б-сыныбынан Бидаш Ұлбала, Бегалы Нұрсая, 4″а» сыныбынан Нұржан Ақжелен, 4″б»-сыныбынан Зұлхарнай Айғаным, Әбілпатта Назар, Абуллақызы Нұрсинаттар бақтарын сыныды.

Екініш кезеңде өздерінің аналарына деген жүрек жарды өлең шумақтарын жазып келген 4″а»-сыныбынан Мүбарак Айша, Асанбек Аяулымдар еркеше көзге түсті. Мұғалім бүгінгі сайысқа қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіріп Бұдан былайда жарыстарға белсене қатысуға шақырып Мектепішілік алғыс хатпен марапаттады. 1 орын Мүбарак Айша, 2 орын Асанбек Аяулым, 3 орын Ысқақ Айжан, Искакова Айнара және ерекше көзге түскен оқушылар Әшірбай Мағжан, Балтабайұлы Бағджәулет, Зұлхарнай Айғанымдар марапаттталды.

 

Низанбаева Роза,
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
№56 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып бірлестік жетекшісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.