15 қыркүйектен бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің виртуалды мектебі жұмысын бастайды.
Виртуалды мектеп 2011 жылы ашылды. Әрбір оқушы осы мектептің «қабырғаларында» қашықтан оқыту жүйесі арқылы Зияткерлік мектептердің конкурстық іріктеуіне дайындалуға мүмкіндік алады.
Бұл жетінші оқу жылы, алты жыл ішінде қатысушылардың жалпы саны бес есеге артып, Зияткерлік мектептерде оқитын виртуалды мектеп оқушыларының саны 12 есеге өсті.
Алтыншы сынып оқушыларының vs.nis.edu.kz ресми сайтында тіркелуі 14 қазанға дейін жалғасады. Содан кейін әрбір оқушының жеке кабинетінде математика, қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде тапсырмалар беріледі. Олардың барлығы қашықтық оқыту жүйесі бойынша желілік мұғалімдермен кеңесе алады.
Қараша айының соңына дейін виртуалды мектептің қорытындысы шығарылады. Әр пән бойынша 50-ден астам балл жинаған виртуалды мектептің барлық оқушылары демалыс кезеңінде ұйымдастырылатын (каникулярды) мектепке шақырылады.
Ақпан айында бесінші сынып оқушыларына арналған виртуалды мектеп ашылады.
Барлық ақпаратты төмендегі телефондар бойынша алуға болады:
1) Астана қ. (7172) 559 801
2) Алматы қ. ФМБ (727) 3 310 104
3) Алматы қ. ХББ (727) 3 310 110
4) Ақтау қ. (7292) 701 066
5) Ақтөбе қ. (7132) 704 780
6) Атырау қ. (7122) 558 551
7) Карағанды қ. (7212) 558 880
8) Көкшетау қ. (7162) 253 140
9) Қостанай қ. (7142) 999 747
10) Қызылорда қ. ХББ (7242) 551 151
11) Павлодар қ. ХББ (7182) 733 000
12) Петропавл қ. (7152) 559 722
13) Семей қ. (7222) 532 433
14) Талдықорған қ. (7282) 219 864
15) Тараз қ. ФМБ (7262) 999 855
16) Орал қ. (7112) 222 704
17) Өскемен қ. (7232) 560 125
18) Шымкент қ. ФМБ (7252) 294 488
19) Шымкент қ. ХББ (7252) 425 170