Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Алиакпарова Мөлдір Бейбітқызы

Алиакпарова Мөлдір Бейбітқызы

Шетелдік білім беру саласында 9-11 сынып оқушыларының өзіндік жұмыс ұйымдастыру арқылы ізденіс және шығармашылық дағдысын дамыту

                                                   Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді.
Оқушылардың ізденгіштік-зерттеушілік іс-әрекетіне тән сипаттар:
— оқушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек,
— іс-әрекеттің бастапқы кезеңі – оқушылардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою,
— осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әрекетін ұйымдастыру, мұнда үлгі көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс-әрекетіне тартуы қажет. Ол үшін мұғалім екі шартты орындау керек.
1) Мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу керек.
2) Ол оқушылар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек, оларға дұрыс шешім көрсету керек.
К. Д. Ушинский: «Еріксіз көндірумен, күштеумен алған білім дамыған ақыл тудыра қояр ма екен?» — деген. В. В. Давыдов «Жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр, жеке тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттігіне байланысты» деп есептеген. Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама береді: «Шығармашылық – бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің соңғылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін — өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады».Ендеше, оқыту негізгі ерікті қызығушылық жағдайда болуы керек. Оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы: оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. [7] Оқушылардың ізденіс және шығармашылық дағдысын дамытудан күтілетін нәтижелер:
1. оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
2. оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;
3. жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады .
Сонымен әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білімді ұрпақтың қолында екенін есімізден шығармауымыз керек. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімнің инновациялық іс- әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселенің бірі. Оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге деген ынтасын арттыруда әдіс- тәсілдерді жетілдіріп, дәстүрлі емес сабақ түрлерін әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырудабарлық күш жігерімді жұмсауға тырысамын. [9] Шетелдік білім беру саласында компьютерлік технологияны қолдану. Қазіргі кезде ағылшын тілі мұғалімнің міндеті балаларды ағылшын тілін меңгертіп қана қоймай, оларды өздігінен жұмыс істеуіне, тілге деген қызығушылықтарын дамыту болып табылады. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру.
Өздік жұмысты қолдану оқушы үшін өте қызықты, әрі нәтижелі болды. Тіл үйрену барысында жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға әбден болады. Ал енді психологиалық жағына келетін болсақ, қазіргі уақыт ағымындағы оқушылардың әрқайсысының үйлерінде әдетте көптеген ойындары бар компьютерлер, ноутбуктар, видеолар мен телевизор бар болғандықтан, олар қоршаған ортаны осындай тәсілмен қабылдауға үйренген. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері оқушыларға оқу бағдарламаларын оқып, тіл үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сапалы білім алуын қамтамасыз етеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолданудың негізгі мақсаттары: тілді үйренуге деген мотивацияларының артуы, тілдік компетенцияны дамыту, өзге тілдегі мәтіндерді түсіне білу, сондай-ақ ақпаратты байланысқан және дәйектелген күйінде бере білу, лингвистикалық білім көлемінің артуы, тілін үйреніп жатқан елдің әлеуметтік мәдени құрылымы туралы білімнің толығуы, ағылшын тілін өз бетімен үйренуге даярлық пен қабілеттілікті дамыту. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әдістемелік, дидактикалық, педагогикалық және психологиялық принциптердің тұтас комплексін жүзеге асыруға көмектеседі, таным процесін қызықты және шығармашыл етеді, әрбір оқушы үшін жеке дара жұмыс қабілетін ескеруге мүмкіндік береді. [11] Жаңа технологияларды практикада қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жаңа түрін ашады, нәтижесінде жаңа білім ашылады, оқушылардың танымдық белсенділігі дамиды, білімді өз беттерінше толықтырады, ақпараттар ағымында іздеу және бағдарлауға үйренеді. Жаңа технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолдану тәжірибесін талдай отырып, мынандай қорытынды жасауға болады: оқыту сапасы артады, тұлғаның үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді, ақпараттық кеңістікте адаспайтын, ақпарат мәдениетін жетік білетін тұлға болып қалыптасуына көмектеседі, тіл тосқауылының кедергілері азаяды. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны сабақтарда қолдану келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талаптты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшын де тигізер пайдасы аса мол.
Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр:
— Білім сапасын арттыру;
— Әлемдік білім беру кеңістігіне ену;
— Орта білімді ақпараттандыру;
— Интернет жүйесін пайдалану;
— Электрондық оқулықтар;
— Қашықтықтан басқару.
Ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан — жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгі сабақ бүгінгі сабақтан жақсы болуы тиіс. Мектептегі технологияларға мыналар жатады: теледидар бағдарламалары, сандық теледидар, интернет/ WWW, ұялы телефон, ұтқыр қондырғылар, компьютер/ноутбук. Сандық бейнені (видео) қолдану. Сонымен қатар оқушы да интернеттен материал ғана іздеп қоймайды, әлемдік байланыс торабына кіруді де үйренеді, электрондық оқулықтармен жұмыс жасайды. Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдана білу оқушылардың үйренген білімдерін өз беттерінше қолдана білуге, дүниені аз уақытта танып білуге мүмкіндік береді. Интернет ресурстарын қолдану мүмкіндіктері өте үлкен және оқушылар мен оқытушыларға қажетті кез-келген ақпараттарды, жер шарының қай жерінен болса да алуға мүмкіндік береді. Мысалы елтану бойынша материал, жастар өмірінен жаңалықтар, газеттерден мақалалар, қажетті әдебиет және т.б. Сонымен қатар оқушылар интернет желісі арқылы өткізілетін тестілеуге, викториналарға, конкурстарға, олимпиадаларға қатыса алады.
Менің ұсынысым өздік жұмысты оқушыларда жиі өткізіп тұруға және қазіргі заманға сай технологияларды пайдалану қажет. Өзіндік жұмысты топпен өткізгенде тиімді және уақыт жағынан қысқа болатындығын анықтадым, сондықтан мектептегі жетінші сыныпқа өздік жұмысты топпен өткізгені жөн көремін.

Алиакпарова Мөлдір Бейбітқызы,
Павлодар қаласындағы
білім беру «Нұр» орталығының
ағылшын тілі пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.