Home » Балабақша » Алдар көсе Шықбермес Шығайбай

Алдар көсе Шықбермес Шығайбай

 Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма

Биллингвалды компонпнт: ерте,ерте,ертеде –wans anon ateim, мақта қыз – cotton girl, қызыл телпек –red cap, қаңбақ шал –light old man, сыйқырлы қасық – magic spoon.
Мақсаты: Ертегі әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру. Ертегілердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтау. Ым — ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау. Ертегі кейіпкерлердің сипаты арқылы жақсы қасиеттерге баулу.

Шаттық шеңбері

Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен.

Көп танысты көреміз.

Бәрінеде ізетпен,

Біздер сәлем береміз.
Жылы лебіз:
Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
Т: Балалар үстелдің үстінен не көріп тұрсыңдар?
-Кітаптар!
-Қандай кітаптар?
-Ертегі кітаптар
Ертегі қалай басталады?
-Ерте, ерте ертеде. Ешкі жүні бөрте де.
-Театр дегеніміз не?
-Қандай театрларды білесіңдер?
-Б: көлеңке театры, қуыршақ театры, саусақ театры, конус театры,морианетка театры, қолғап театры,  т. б.

-жарайсыңдар балалар сендер ертегілерді жақсы білесіңдер ме?

-иә

-Олай болса балалардың дайындаған жұмбақтарын шешіп көріңдер?

Жұмбақ ертегі кейіпкерлері туралы болмақ. Ұқыпты болыңдар.

Жұмбақ тар
Дария:
Қашып кеткен атадан,
Қашып кеткен ападан,
Орманда кеше жүр едім,
Домалап шықты алдымнан
Шешуі: (Бауырсақ)
Аяулым Ә:Кедей еді бұл бала,
Айы туды оңынан,
Жын шығады керемет,
Сиқырлы оның шамынан
(Алладин)

Аяна: Үй жинаған ұқыпты,
Бір қыз бопты ертеде
Тыңдамаған мысықты

Салыпты ғой әлекке
(Мақта қыз бен мысық)
Назерке: Джунглиде өскен жасынан,
Епті бала болыпты,
Багира, Бану достары
Шерхан оның қас жауы
(Маугли)
Аружан С: Кішкене қыз орманға
Жалғыз өзі барады.
Апасына қартайған
Дәмін салып алады
(Қызыл телпек)
Даниял: Аяғынан тұсаулап,
Кемпір оны ұстайды.
Желмен ұшар желпілдеп
Босап кетсе бұл шалы
(Қаңбақ шал)
Ойын: Әр түрлі ертегі кейіпкерлерін бейнеле (алдар көсе, қаңбақ шал, мақта қыз)
Шарты: Ертегі кейіпкерлерін алып, әртүрлі театрмен сипаттау.
Тәрбиеші: Ой қараңдар мына жерде сандық тұр. Ішінде не бар екен. Сандықты ашып, домбыра, тақия, қамшы, жыртық шапан алып шығады. Қандай ертегі кейіпкердікі.
Балалар: Алдар көсе
Алдар көсе қандай кейіпкер?
Бала:  Көңілді, байларды алдап, кедейлерге көмек береді, әрдайым ән айтып жүреді.

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар!
Әнін айтып Алдар кіреді. (Әли)

Мен Алдармын, Алдармын, 
Сақалымды талдармын. 
Сақал түгіл мұрт та жоқ, 
Шайтанды да алдадым. 
Сусыз жерде өсемін, 
Сондықтан да Көсемін.  

Сәлем достар мені таныдыңдар ма?

Балалар: Алдар көсе

Тәрбиеші:: Алдар көсе туралы кім тақпақ біледі?

Аружан: Сіз Алдарсыз, Алдарсыз,

Балалардың ағасысыз.

Ақылы жоқ сөзі көп,

Теңдесісіз шалдардың.

Олжас:          Сіз Алдарсыз, Алдарсыз,

Байларға сіз өш едіз.

Кедейлердің жолына,

Көңіліңізді төседіз.

Нұрым:         Сіз Алдарсыз, Алдарсыз,

Қол жетпейтін заңғарсыз.

Сөзін сөйлеп әлсіздің,

Қарапайым жандардың.

 

Сания:           Сіз Алдарсыз, Алдарсыз,

Елмен бірге өсесіз.

Қайтарасыз байларға,

Кедейлердің есебін.

Айым: Алдаркөсе сіз байды қалай алдайсыз? Соны бізге айтып беріңізші.

Алдар көсе: Ааааа, енді байды қалай алдайтынымды қараңдар!

Тәрбиеші: Балалар олай болса, Алдар көсенің көрінісін бірге тамашалайық.

Сыйқырлы қасық

(Жүргізуші: Айзере, Алдар көсе рөлінде: Әли, Бай рөлінде: Нұрислам,

Бәйбішенің рөлінде: Айым, қызы:Альмира, атының рөлінде: Даниял)

Жүргізуші: Ерте ерте заманда Шықбермес Шығайбай деген бай болыпты. Оның мыңдаған қой, жылқы, түйелері болыпты. Байыған сайын сараң болыпты. Өмір бойы Шығайбай ешкімге бір үзім нан бермепті. Бір күні Алдар көсе шығайбайдың ауылына келіп. Бір ауылдың шетінде сараң бай мен бәйбішесі өмір сүріпті. Әдейі киіз үйін ауыл шетіне тігіпті, біреу-міреулер келмесін деп. Ас бөлісіп сый көрсеткісі келмепті.

Алдар: Айталмаймын өлеңді,

Айталмаймын.

Бір келген соң үйіңе,

Қайталмаймын құралай

Әркімге көңлім құмарай

Қайткенде күнім тынадай. (қасық тауып алады)

 Бай: Әй сен шошаңдамай осында отырда айтқанымды орында. Мен барып оны қазір ақ ұзатып салайын.

Бай: Асалаумағалейкум құрметті қонағым. Саған сый көрсете алмайтынымды қарашы, берер түгім жоқ. Өзім үш күн үш түн тамақ жемедім аш отырмын. Бәлкім көрші ауылға көршілерге қонақтап кіріп шығасың.ааа!

Алдар: (күледі) Абыржыма байеке, үйіңде түгі жоқ болғаны жақсы болды ғой. Менің асты өзі пісіретін сыйқырлы қасығым бар.

Бай: Ооо Сонда қалай?

Алдар: Оп-оңай! Алдымен қазанды қойып, мына қасықпен араластырып дұға оқи бересің. Өзің байқап көресің бе? (күледі) Қасықты мықтап ұста да былай де. Сыйқырлы қасығым маған дәмді, тәтті палау пісіріп бер. Тәтті, дәмді болсын. Ақалай, ақалай, мақалай!! Дұғаны айтқан сайын көзіңді жұмып тұруың керек.

Бай: Ақалай, мақалай!Дәмді, тәтті палау піссін.

Алдар: Әй бәйбіше тез уақытым жоқ, анау қожайын май мен ет берсін деп бұйырды.тез  (май құйып ет салып жіберді)

-Міне көрдің бе! Қасығым іске кірісті. Тоқтамай дұғаны айта бер, айта бер.

Бай: ақалай, мақалай, ақалай, мақалай дәмді тамақ піссін!

Алдар: Әй тез пияз әкел, әзірше сәбіз турай бер.

Бай: палау пісір қасығым! Міне ғажап, дым жасамай тек қасықпен арластырсаң болды. Азық болса өзінен өзі пайда болып жатыр. Недеген керемет қасық, баға жетпес қазына ғой. Палау пісір қасығым, палау пісір қасығым.

Алдар: әй жарайсың бәйбіше,,,(күледі)

Ал енді мына қазанның қақпағын жауып қояйық. Енді кел қасыма отыр. Дұғаны бірге оқиық. Ақалай, мақалай (бірге айтады)

Бай: Дәмді палау болды, маған қасығыңды сатшы.

Алдар: жанымау не деп тұрсың бұл сұмдық қымбат тұратын қасық қой.

Алдар: Иә оны сыйқырлы қасығым пісірді ғой. Ал байеке мен жолға шығайын. Әкел қасығымды.

Бай: Әй қасығыңды сатшы, сатшы қасығыңды

Алдар: Жоқ сата алмаймын, сатпаймын өзіме керек.

Бай: Мен саған  1000 ақша мен қызымды және атымды берейін.

Бәйбіше: Ақымақ мынау не деп тұр, қызымды берем дей ма?

Алдар: ондай ақшаң бар ма, міне керемет!

Бай: әрине бар. Міне!!!

Алдар: ааа онда неге үш күн аш отырсың?

Бай: сенің сыйқырлы қасығыңды күтіп жүргенмін ғой! (күледі)

Жүргізуші: Алдар көсе атқа мініп, байдың қызын алып, көңілді өлеңін әндете жолға  шығады. Ал байдың соншалықты ақымақтығын өзіде сезбеді.

Бай: Әй бәйбіше бүгіннен бастап тамақ жасап әуре болмайсың. Бар болғаны 1000 теңге кез-келген тамақ әзірлей аласың.

Бәйбіше: әй, есуас, майды кім берді, етті кім берді, сәбізді кім турап берді?

Бай: бұның бәрін сыйқырлы қасық берді.

Бәйбіше: әй ақымақ, топас неме, қасығыңа сеніп отырғанда Алдар көсе келіп қожайын бұйырды деп, азық-түліктің бәрін сұрап алды.

Бай: сонда қалай? Қасықтың сыйқырлы болмағаны ма? Арине сен сияқты ақымақты палау пісіруге болады деп сендіргенінде.

Сыйқырлы қасық ертегісі көңілді Алдар көсе өлеңімен аяқтайды.

Қорытындылау: сұрақ-жауаптар арқылы.

-Балалар айтыңдаршы Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай қандай кейіпкерлер екенін?

Алина: Алдар көсе көңілді, кедейлерге көмек көрсетеді.

Ерсұлтан: Бай сараң, тек өзін ойлайтын, қызғаншақ, ақымақ.

Мақал-мәтелдер:

Кәусар: Өтірік өрге баспайды

Алина:Өтірікші мен өсекші егіз

Рауан: Өтірік айтқан жерде көп тұрма

Жанель:Өтірікшінің шын сөзі зая кетеді.

Назерке: Өтірікшінің сөзіне нанба, қисынына нан

Мерей: Өтірікшіл уәдешіл

Аяна: Өтірікші  бел асырғанымен ел асырмайды.

Аружан: Өтірік деген дұшпан бар, отқа сүйреп салатын.

Тәрбиеші: балалар дұрыс айттыңдар өтірік жақсылыққа апрайды екен. Сонымен қатар қызғаншақ болуға да балмайды. Өтірік пен қызғаншақтың арқасында Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай ренжісіп қалды. Олай болса оларды табыстырайық!

(Ортаға Алдар көсе мен бай шығады)

Алдаркөсе:Байеке мені кешір, екуі төс алысып татуласады.

Достық туралымақал-мәтел:

Бәрі: -Дос ажарың, жолдас базарың

Дәмді болса, дос қымбат.

Тәрбиеші: БалаларАлдар көсе мен Байдың көңілін көтеріп  «Ертегілер» әнін айтып берейік.

Свыткулова Гаухар Талабайқызы,

 МКҚК «№ 169 бөбекжай балабақшасы»

Бірінші санатты тәрбиеші,

Алматы қаласы, Жетісу ауданы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.