Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Айғаным Ержанова. Болашақ мұғалімдерді білім берудің жаңартылған мазмұны тұрғысынан дайындау

Айғаным Ержанова. Болашақ мұғалімдерді білім берудің жаңартылған мазмұны тұрғысынан дайындау

Қазіргі таңда жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру.Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың жаңа технологияларын меңгере отырып, интербелсенді әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру     бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Жаңа бағдарлама негізі- белсенді оқыта отырып,  оқушылардың белсенді қызметпен айналысуы арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.
Осы талапты орындау мақсатында № 2Алматы мемлекеттік гуманитарлы-педагогикалық колледжінде Алматы қаласы білім беру класстері аясында «Болашақ мұғалімдерді білім берудің жаңартылған мазмұны тұрғысынан дайындау» тақырыбында әдістемелік он күндік өткізілді. Он күндік аясында 15 ақпанда колледжде: «Білім берудің жаңартылған мазмұны тұрғысында өткізілетін сабақтар» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар колледж директоры Б.Ч Дуанабаеваның «Болашақ мұғалімдерді даярлауда колледждің жұмыс жүйесі» тақырыбында оқыған баяндамасымен ашылды.
Семинарға Алматы қаласы колледж Ассоциациясы басшылары,   мемлекеттік колледж, мектеп директорлары қатысты.
Семинар барысында арнайы пәндер оқытушылары: «Педагогика» пәнінен «Білім берудің мазмұны: оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар» тақырыбында А.К. Кожабергенова, «ТОМ и методика обучения математике в начальной школе» пәнінен «Задачи на движение. Способы решения задач на движение»тақырыбында Е.В Шкавронская, «Организация обучения и математического развития» пәнінен «Использование дидактических игр в процессе формироавание элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста»тақырыбында В.Н. Трофимова, «Психология» пәнінен «Қиял» тақырыбына Орынбаева Э.Е., «Математиканың бастауыш курс негіздері және оның оқыту әдістері» пәнінен «Алгебралық материалдарды оқыту әдістемесі» тақырыбында Мырзалиева К.Ж. және Практическая психология» пәні бойынша «Тренинг межличностного взаимодействия» тақырыбында білім берудің жаңартылған мазмұны тұрғысында ашық сабақтар өткізді.Республикалық педагогикалық олимпиада жүлдегерлері атанған «Жаңа ғасыр ұрпақтары командасы» ұжымдық шығармашылық жұмыстарын келген қонақтарға көрсетті. 22 ақпан 2018 жылы «Болашақ мұғалімдерді білім берудің жаңартылған мазмұны тұрғысынан дайындау» тақырыбында семинар жалғасын тапты. «Колледждің даму стратегиясын әзірлеу барысында өткізілетін педагогикалық кеңестің жүргізілуі» тақырыбында колледжде құрылған педагогикалық шеберлік мектебінің құрамындағы оқытушылар мастер-класс ұйымдастырды. Әр колледжден келген директордың оқу-ісінің орынбасарлары оқу орнының миссиясын құру мақсатында топтарға бөліне отырып жұмыс жүргізді. Тиімді әдістерді қолдана отырып, колледж миссиясын ұжыммен белгілеу барысында педагогикалық кеңестің жұмысын жүргізу өте нәтижелі болатынына қонақтар көз жеткізіп, өздерінің қоржындарына қажетті ақпарат алғандарын айта отырып, шығармашылық топқа алғыстарын білдірді. Семинар барысында Білім берудің жаңартылған мазмұны тұрғысында мемлекеттік іс-тәжірибесінен өтіп жатқан IV курс білім алушылары демонстрациялық сабақтар арқылы кәсіби даярлықтарын көрсетті.
Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша IV курс білім алушысы Масалитова Лилия, жалпы білім беретін №127 мектептің 2-сынып оқушыларымен «Естествознание» пәнінен, Аблякиева Анеля №86. мектеп-гимназиясының 2- сынып оқушыларымен «Математика» пәнінен ашық сабақтар өткізді.  Сабақ барысында білім алушылар интербелсенді-әдістерді қолдана отырып жұптық, топтық жұмыс түрлерін көрсетті.
Семинар барысында ашық сабақтар өткізген арнайы пәндер оқытушыларымен қатар, 4 курс білім алушылары Аблякиеав Анеля, Масолитова Лилия Алматы қаласы колледж Ассоциациясының Мадақтама қағазымен марапатталды.
Ал 28 ақпан 2018 жылы «Болашақ мұғалімдерді білім берудің жаңартылған мазмұны тұрғысынан дайындау» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға Алматы қаласы колледждер Ассоциациясы және әдістемелік кабинетінің басшыларымен қатар, Семей қаласының педагогикалық колледжінің директоры, Алматы облысы Есік гуманитарлы-экономикалық колледжі әкімшілігі, Алматы қаласы колледждерінің әдіскерлері қатысты.
Колледж директоры Б.Ч.Дуанабаева семинарды ашып, келген қонақтарға рахметін білдіре отырып, 15-28 ақпан аралығында өткен әдістемелік онкүндікке шолу жүргізді.
Семинар барысында колледж директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары И.А.Зинковец әдістемелік жұмыстың мақсат- міндеттерімен таныстыра отырып, «№2 АМГПК-нің ғылыми –әдістемелік жұмысының мазмұны» тақырыбында колледжде жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері мен жетістіктері жайлы мәлімет берді. Колледжде оқу-тәрбие үрдісінде жүргізіліп жатқан клуб жұмыстары жайлы «Учитель» клубының жетекшісі И.Г. Яковлева және «Дошкольник» клубының жетекшісі И.В. Балдина клуб мақсаттарымен таныстыра отырып, іс-тәжрибелерімен бөлісті.   Қонақтар алдында клуб мүшелері ұжымдық шығармашылық жұмыстарымен «Жаңа ғасыр ұрпақтары» командасы және V халықаралық «Паруса мечты-2018» кәсіби шеберлік сайысының 1 орын иегері, III курс білім алушысы Герасимова Ксения жеке шығармашылық жұмыстарын көрсетті. Ксения жарыс шарттарының күрделі болғанына қарамастан, Қазақстаннан барған 5 педагогикалық колледждер арасында ғана емес, Ресей мемлекетінен қатысқан 15-тен астам оқу орындарының алдында оза шапқаны, колледжіміздің оқу- тәрбие үрдісінің, клуб жұмыстарының нәтижелі жүріп жатқанын айқындап көрсетті.  Осы семинар аумағында базалық мектеп ұстаздары, колледж түлектерімен «Белсенді ұстаз — белсенді оқушы» — тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел модераторлары ретінде колледж директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, ағылшын тілі оқытушысы С.Ф Молдажарова және арнайы пәндер оқытушысы Г.С. Жумакова келген қонақтармен колледж түлектерінің жаңартылған білім бағдарламасы бойынша кәсіби дайындықтары жайлы және жас маман алдынан кездесетін өзекті мәселелерді талқылады. Семинар жұмыстары арқылы колледж ұжымы іс-тәжрибелерімен бөлісе отырып, даярлап жатқан болашақ ұстаздарды бағдарламаны  меңгерген, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға ретінде қалыптастыра алатындарын дәлелдеп берді.

  Ержанова Айғаным Сайлаужановна,
№ 2 Алматы мемлекеттік-
гуманитарлық педагогикалық
колледжінің әдіскері.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.