«Өрлеу» БАҰО» Ақ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» «Айналаға қара — Посмотри вокруг» республикалық WEB-алаңы ұйымдастырылды және өткізді. Web – алаң аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Саналы Азамат» бағытының базалық құндылықтарын мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жұмыс тәжірибелерін келесі бағыттар бойынша енгізу:
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Саналы Азамат» бағытын жүзеге асыру негізінде тәрбиелік іс-шараларды жоспарлауды жетілдіру;
- Балаларды рухани-адамгершілік тәрбие беру саласында ата-аналармен өзара әрекеттесу моделі және педагогикалық ағарту жұмысы;
- Азаматтылық және патриоттылықты қалыптастырудағы инновациялық технологиялары;
- туған өлкесімен танысу және оның мәдени әлеміне бой түзу арқылы балаларда Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
- өзара түсіністік, әр ұлт адамдары арасындағы құрмет пен достықтың өсуі барысында ұлттық сана-сезім мен Отанына деген сүйіспеншілік негіздерін қалыптастыру.
WEB-алаң жұмысына «Өрлеу» БАҰО» Ақ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ» тренері Ибраева Г.Н., Солтүстік Қазақстан облысы Есіл орта мектебінің өзін өзі тану мұғалімі Беломывцева И.Н., Амангелді, Қарабалық, Таран аудандары мен Қостанай қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекетінің азаматы, болашақ патриотын тәрбиелеуде маңызды рөл педагогқа беріледі, ол әрқашан ата-ана, отбасы және қоғаммен шығармашылық тандемде жұмыс жасайды. Ертеден қалыптасқан және біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының халықтарының мәдениеті мен салттарымен тығыз байланыста өскелең ұрпақты тәрбиелеу дәстүрлері өзінің маңыздылығын қазіргі күні де жоғалтпай отыр. Отбасы, еңбек, жақындарына деген сүйіспеншілік, адамдарға деген құрмет туралы түсініктерді балалар халық ертегілері, өлеңдері, мақалдарынан алып отыр, олар ержүрек және күшті, ақылды және кең пейілді, қамқор және жанашыр болуға үйретеді.
Web-алаң аяқталғаннан кейін әдістемелік ұсыныстар құрастырылды.
Дильдибекова Г.А.,
мектепке дейінгі, бастауыш оқыту және тұлғаны тәрбиелеу
кафедрасының аға оқытушысы